If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Ұрықтану және дамуға шолу

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
ГаметаРепродуктивті (жыныстық) жасуша. Әйелдерде жұмыртқа; ерлерде сперматозоид
ҰрықтануАналық гаметалар мен аталық жыныс жасушалары бірігіп, жаңа жасуша түзетін жыныстық көбеюдегі процесс
ЗиготаҰрықтану нәтижесінде пайда болған жасуша
Диплоид (2n)Гомологиялық хромосомалардың екі жиынтығын қамтитын жасуша
Гаплоид (n)Бір ғана гендер жиынтығын қамтитын жасуша
АпоптозБағдарламаланған жасуша өлімі процесі
ДифференциацияЖасушалардың құрылымы мен қызметіне мамандану процесі

Адамның ұрықтануы және дамуы

Ұрықтану - гаплоидты гаметалар бірігіп, зигота деп аталатын диплоидты жасуша түзу процесі. Әр зиготада хромосомаларының дұрыс санын сақтау үшін бір ғана сперматозоид бір жұмыртқамен қосыла алады.

Адамзат дамуының кезеңдері

  1. Зиготикалық кезең : зигота аталық гаметалар (сперматозоидтар) мен аналық гаметалар (жұмыртқа) біріккенде пайда болады.
  2. Бластоциста кезеңі : Бір жасушалы зигота бірнеше жасушаларға бөліне бастайды. Содан кейін, ол бластоциста деп аталатын ана жатырының ішкі қабатына жабысқан жасушалардың қуыс шарына айналады.
  3. Эмбриондық кезең : эмбрион қалыптасу барысында негізгі ішкі мүшелері мен сыртқы ерекшеліктері пайда бола бастайды. Бұл кезеңде жүрек, ми және жұлын көрінеді. Қолдар мен аяқтар дами бастайды.
  4. Ұрық кезеңі : Эмбрионның қалыптасқан ерекшеліктері өсіп дами бастағаннан кейін, организм ұрық болып саналады. Құрылымдардың дифференциациясы мен мамандануы осы уақыт аралығында болады.
Зиготадан бластоцистаға, эмбрионға және ұрыққа өтуді көрсететін дамуға шолу.

Дифференциация және апоптоз

Даму барысында дене өстерін, ұлпаларын, мүшелері мен құрылымдарын түзу үшін жасушалар бөлініп, саны көбеюі керек. Жеке жасушалардың өзінің құрылымы мен қызметіне мамандандырылуы саралау (дифференциация) процесі арқылы жүзеге асады.
Маңызды құрылымдарды құруға көмектесу үшін қажет емес жасушаларды алып тастау керек. Бұл апоптоз процесі арқылы жүреді. Мысалы, адамның қолы қалақша тәрізді тіндер шоғыры ретінде басталады. Сайып келгенде, қалақша шоғыры жасушалардың апоптозы нәтижесінде «ойылып», саусақтарға айналады.
Дамып келе жатқан тінтуір табанының микроскопиялық суреттері ғылыми мақаладан алынған. Саусақтардың арасындағы апоптозға ұшырайтын жасушалар маркермен боялған.

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Адамның ұрықтануы жатыр түтігінде болады. Көптеген адамдар адамның ұрықтануы қынапта болады деп санайды, бірақ олай емес. Сперматозоидтар қынапқа енгеннен кейін, олар жатыр мойнымен, жатырға және жатыр түтігінің соңына қарай жылжи алады. Егер сперматозоидтар жұмыртқамен қосыла алса, ұрықтану жүреді.
  • Даму - алдын-ала анықталған. Ерте дамыған кезде барлық адамдар бірдей көрінетіні рас, бірақ ұрықта кейінірек дамитын көптеген белгілер оның гендерімен алдын-ала анықталған. Мысалы, ұрықтың биологиялық жынысы оның жынысына тән сипаттамалардың пайда болмауына қарамастан, екі Х хромосоманы (әр ата-анадан біреуін) немесе анасынан X және әкесінен Y алғандығына байланысты шешіледі.