Біздің мақсатымыз - кез келген адамға кез-келген жерде сапалы, әлемдік деңгейдегі білімді тегін қамтамасыз ету.
Барлық жастағы оқушылар үшін дербестендірілген оқу ресурсы
Хан Академиясы оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс өз қарқынымен оқуға мүмкіндік беретін жаттығулар, тақырыптық бейнелер мен жеке оқу тақтасын ұсынады. Біз математика, жаратылыстану, программалау, тарих, экономика және тағы басқа көптеген пәндер бойынша материалдарды, сонымен қатар емтихандарға дайындық тесттерін (SAT, Praxis және LSAT) қамтимыз. Біз үшін ең бастысы - оқушыларға практикалық дағдыларды дамытуға көмектесу және болашақта барлық нәрсені үйренуге мүмкіндік беретін берік негіз қалыптастыру!








Ата-аналар мен мұғалімдерге арналған тегін құралдар
Біз, Хан Академиясы, мұғалімдердің оқушыларына немесе студенттеріне көмек берудің ең тиімді жолдарын табуы үшін бар күшімізді саламыз. Біздің платформаны пайдалану арқылы Сіз әр оқушыңыздың немесе балаңыздың мектеп бағдарламасын қалай меңгеріп жатқанын жеке бақылап отыра аласыз. Біздің сайт мұғалімдерге жалпы сыныппен қатар, әр оқушының жеке жетістіктерінен үнемі хабардар болуға мүмкіндік береді.










Сіз әлемнің барлық түкпірінде оқитын оқушылар қатарына қосыласыз!
Хан Академиясында, әлемнің әр бұрышында тұратын, әрқайсысының өз өмірлік оқиғалары бар миллиондаған оқушылар, күн сайын өз қарқынымен білім алады. Қазіргі уақытта біздің білім платформасы 36-дан астам тілге аударылған, оның ішінде біздің сайттың испан, француз, және португал тілдерінде толық нұсқасы бар.
Мен бұл сайтты жақында тауып алдым. Менің жасым 72-де және сіздің сайттарыңыз арқылы оқуды қайта жалғастырудамын. Барлық еңбектеріңіз үшін көп рахмет.
BarbaraҮнемі шабыт беретіндеріңізге көп рахмет. Мен Англияның солтүстігіндегі бастауыш сынып мұғалімімін. Сыныбымдағы әр оқушымның үлгерімі мен түсінбеген тақырыптарын бір өзіме бақылау өте қиын, сондықтан мен Хан Академиясын үнемі пайдаланамын және оқушыларым да оны жақсы көреді.
KimberlyҚұрметті Хан Академиясы, мен сіздің видео сабақтарыңызға өте ризамын! Өткен жылы мен платформаларыңызды пайдаланып, математика пәнінен емтиханды сәтті тапсырып қана қоймай, бұл пәнді жақсы көріп кеттім. Мен алғаш рет математиканы түсіне алатынымды және оның күнделікті өмірде қаншалықты маңызды екенін сезінгендей болдым.
Matt
Кішігірім бастамалардан әлемдік деңгейдегі командаға дейін
Жиеніне көмектесу мақсатымен бір адамнан басталған қарапайым жұмыс қазіргі кезде 150 адамнан тұратын үлкен ұйымға айналды. Біз - әлемнің кез-келген жерінде барлығына тегін, әлемдік деңгейдегі білімді қамтамасыз ету үлкен мақсатына айналған, әртүрлі адамдардан құралған командамыз. Біз - бағдарламалаушылар, мұғалімдер, дизайнерлер, стратегтер, ғалымдар және контент мамандары - бәріміз әлемді білім алуға шабыттандыра алатынымызға сенеміз. Бірнеше керемет адамдар бірігіп, үлкен өзгерістер жасай алады.
Кез-келген адам барлық нәрсені үйрене алады. Тегін.
Әрбір адам білім алуға құқылы. Хан Академиясы коммерциялық емес ұйым болғандықтан, біз кез-келген жерде, әрбір адам әлемдік деңгейдегі білімді тегін ала алатынына сенеміз. Жарнама немесе ақылы жазылымдардың орнына, біз сіз сияқты жомарт жандардың көмегімен алға жылжимыз. Бізге қосылыңыз!