If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет
Ноутбугінде сабақ оқып отырған оқушы

Біз алдымызға үлкен мақсат қойдық,
бірақ бірге біз оған қол жеткізе аламыз.

Әр бала тұратын жері мен өмір сүру жағдайына қарамастан білім алуға құқылы.
A teacher helping a student.

Айналамыздағы адамдар бізді алға жетелейді.

Біздің оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар, және біз бәріміз әртүрлі әлеуметтік салалардан келдік. Біз әр түрлі саладан шыққан керемет адамдарды жұмысқа алу арқылы командамызды күшейтеміз. Біз әртүрлілік пен тең құқылылықты бағалау тек маңызды ғана емес, сонымен қатар біздің миссиямызды тарату мен біз қызмет ететін қауымдастықтарға әсер үшін қажетті нәрсе екеніне сенеміз.

Біздің негізгі құндылықтарымыз

Оқушыларымыз үшін жұмыс жасау

Біз оқушыларымызды жақсы түсінеміз және олардың жетістіктері үшін уайымдаймыз. Біз оқушыларымызды жоғары сапалы білім контентімен қамтамасыз ету үшін жан-жақты ақпарат, зерттеулер мен тәжірибелерді пайдаланамыз. Біздің жетістігіміз біздің оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерімен анықталады.

Біздің ұстанымымыз

Біз білім беруді дамыту жөніндегі көзқарастарымызды басшылыққа аламыз. Біздің жасаған жұмысымыз осы көзқарастарды жүзеге асыруға көмектеседі. Сонымен қатар, біз өз көзқарасымызды білім берудегі өзгерістер мен оқушылардың өзгеруіне қарай бейімдеу үшін, жаңалықтарға үнемі хабардар болып отыруға тырысамыз, үйренеміз және дамимыз.

Әртүрлі көзқарастарды құрметтеу

Біз әртүрлі адамдардан құралған қоғамдастықпыз. Біз әртүрлі дауыстарды, перспективалар мен өмірлік тәжірибелерді іздейміз және қабылдаймыз, бұл бізге мықты, инклюзивті командалар құру мен жақсы нәтижелерге жетуге көмектеседі. Жеке адамдар ретінде, біз күрделі тақырыптарды қозғап, әртүрлі көзқарастарды қызығушылықпен тыңдауға ұмтыламыз. Біз ортақ түсіністікке жету үшін әрдайым тыңдаймыз, үйренеміз және бірге жұмыс жасаймыз. Шешім қабылданғаннан соң, біз біртұтас команда ретінде алға ұмтыламыз.

Жауапкершілікпен және тұрақты жұмыс жасаңыз

Біз бұл үлкен мақсатқа қол жеткізу марафон секілді ұзақ жолды қажет екенін түсінеміз. Сондықтан, бұл мүмкін болатын нақты уақыт аралығын белгіледік және осы мақсатымызға жетуге көмектесетін тапсырмаларды анықтадық. Коммерциялық емес ұйым ретінде біздің жұмысымызды жомарт донорлар, сондай-ақ стратегиялық серіктестеріміз қолдайды - біз бұл шектеулі ресурстарымызды жауапкершілікпен қолданамыз. Әр долларды өз ақшамыз секілді есеппен жұмсаймыз. Біз қоршаған әлемге және бір-бірімізге тигізетін ықпалымыз үшін жауаптымыз. Біз командамыз бен ұйымымыздың сау және қаржылық жағынан тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасаймыз.

Сапалы білім жеткізу

Біз жоғары стандарттарды ұстанамыз және пайдаланушыларымыз сенуіне болатын сапалы, тиімді және толық тәжірибе ұсынамыз. Біз, стратегиялық серіктестерімізбен бірге, жоғары сапалы білімді тиімді әдістер арқылы беру үшін нақты мақсаттармен жұмыс жасаймыз.

Білім алуға деген құштарлықты дамыту

Біз оқушылар мен командамыздың даму маңыздылығына сенеміз. Біз ұсынатын материалдарымызды, өзімізді және ұйымымызды жақсарту үшін үнемі білім аламыз. Біз өз қателіктерімізден үйренеміз және қателесуден қорықпаймыз. Біз өткен сәтсіздіктер мен табыстардың болашақта батыл іс-қимылдар мен мақсаттарға жетуімізге кедергі келтіруіне жол бермейміз.

Қызықты білім беру

Біз оқытуды қуанышты үдеріске айналдыруға дайынбыз. Бұл біздің қолданушыларымыз үшін не жасап жатқанымызды және біздің командаластарымызбен, серіктестерімізбен және демеушілерімізбен бірге құрып жатқан мәдениетіміз туралы хабарлайды.

Біздің командамен танысыңыз

Командалық сурет - 2020 жыл, қаңтар.Командалық сурет - 2020 жыл, қаңтар.Біз туралы көбірек біліңіз

Біздің сыйақылар

Жоғары жалақы

Денсаулық пен сауықтыруға арналған сыйақылар

Икемді демалыс уақыты

401 (k) + үйлесімділік

Қызығушылықтары бірдей топтар

Төленетін жүктілікке байланысты демалыс

Көңілді виртуалды шаралар

Ағымдағы бос жұмыс орындары