If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Ферменттерге шолу

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
КатализаторӨзі өзгеріске ұшырамайтын, химиялық реакцияны жеделдететін зат
ФерментБиологиялық катализатор (әдетте ақуыз)
СубстратФерментпен әрекеттесетін реагент молекула
Белсенді орталықФермент пен субстрат байланысатын бөлігі

Фермент құрылысы мен қызметі

Ферменттер - бұл катализаторлар. Олар, әдетте, ақуыздар болып келеді, бірақ кейбір РНҚ молекулалары фермент ретінде де әрекет етеді.
Ферменттер реакцияның белсендіру энергиясын төмендетеді - бұл реакция пайда болуы үшін қажетті энергия мөлшері. Олар мұны субстратпен байланыстырып, реакцияның тиімдірек жүруіне мүмкіндік беретін жолмен жасайды.
Катализатормен және катализаторсыз реакцияның жүру барысын көрсететін реакциялардың координаттар диаграммасы. Катализатордың көмегімен активтендіру энергиясы катализаторсызға қарағанда төмен болады.
Сурет OpenStax дереккөзінен алынған, CC BY 3.0.
Субстрат байланысқан ферменттің бөлігі белсенді орталық деп аталады. Мұнда фермент формасы сәл өзгереді: субстратпен тығыз байланысып, фермент/субстрат кешенін құрайды.

Фермент белсенділігіне әсер ететін факторлар

Фермент белсенділігі температура, pH және концентрация сияқты түрлі факторларға байланысты.
Ферменттер белгілі бір температура мен рН диапазонында жақсы жұмыс істейді, яғни қолайсыз жағдайлар орын алған кезде фермент субстратпен байланысу қабілетін жоғалтуы мүмкін.
  • Температура : әдетте, температураның өсуі реакцияны тездетеді, ал температураның төмендеуі реакцияны баяулатады. Алайда, өте жоғары температурада фермент пішінін жоғалтып (денатурация), жұмысын тоқтатуы мүмкін.
  • рН: әр ферменттің оңтайлы рН диапазоны бар. Осы диапазоннан тыс рН өзгерісі ферменттің белсенділігін баяулатады. Экстремалды pН ферменттердің денатурациясына әкелуі мүмкін.
  • Фермент концентрациясы: егер байланысуға қабілетті субстрат мөлшері жеткілікті болса, фермент концентрациясының жоғарылауы реакцияны тездетеді. Алайда, барлық субстрат байланысқан соң, реакция жылдамдығы өсуін тоқтатады: өйткені артық фермент байланыса алатын ештеңе болмайды.
  • Субстрат концентрациясы: субстрат концентрациясының жоғарылауы реакция жылдамдығын белгілі бір көрсеткішке дейін арттырады. Барлық ферменттер байланысқаннан кейін, субстрат санының кез-келген өзгерісі реакция жылдамдығына әсер етпейді: өйткені қол жетімді ферменттер қаныққан және максималды жылдамдықпен жұмыс істейді.

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Ферменттер «ерекше/арнайы» келеді. Ферменттің әр түрі бір немесе екі арнайы субстратпен әрекеттеседі. Кейбір ферменттер басқаларына қарағанда өте ерекше, яғни субстраттың тек бір түрімен әрекеттеседі. Басқалары болса, байланыс түріне және функционалды тобына байланысты бірнеше молекулалар түрімен әрекеттесе алады.
Фермент белсенді орталығына енетін субстрат
"Ферменттер: Сурет 2," OpenStax College, Biology дереккөзінен алынған, CC BY 3.0.
  • Ферменттер қайта қолдануға жарамды. Ферменттер реакция реагенттері емес және реакция кезінде қолданылмайды. Фермент субстратпен байланысып, реакцияны жеделдеткеннен кейін, фермент өзгеріссіз бастапқы қалпында босап, оны басқа реакция үшін қолдануға болады. Демек, әр реакция үшін фермент пен субстрат молекулаларының 1: 1 қатынаста болуы міндетті емес.