If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Бір қадаммен шығарылатын қосу және азайту теңдеулері

Бір қадаммен, екі жақтан да бірдей санды қосу немесе азайтуды қажет ететін теңдеулерді шешуді үйреніңіз. Видео авторы: Сал Хан.

Видео транскрипті

Қазір біз әрбір амалды неге берілген теңдеудің екі жағына да бірдей жасайтынымызды түсінген болсақ, енді осы білімді кейбір теңдеулерге қолданып белгісіз айнымалыны тауып көрейік. Сонымен берілгені бойынша, X қосылған 7 10-ға тең, мен Х-ты табуым қажет. Бұл дегеніміз бір нәрсені (санды) 7-ге қоссақ 10-ға тең деген сөз екендігін қарапайым түрде ойлауға болады. бірақ егер сіз бұл теңдеуді жүйелі түрде шешкіңіз келсе, сіз былайша ойлайсыз: мен теңдеудің сол жағында тек Х-ты қалдыруым қажет. Егер мен сол жақта Х-тың өзі ғана тұрғанын қаласам, мен 7-ден құтылуым қажет. Мен сол жақ жақтан 7-іні азайтуым керек, бірақ егер мен тепе-теңдікті сақтағым келсе, онда мен теңдеудің сол жағына қандай амал қолдансам, оң жаққа да соны жасауым қажет. осылайша біз теңдеуіміз теңестірілген, яғни сол жақ пен оң жақ өзара тең деп айта аламыз. Сонда бізде тек Х қалады да, 7-лер жойылып кетеді. 10 азайтылған 7 3-ке тең. Яғни белгісіз мүше-3. және жауабыңыздың дұрыстығын тексеруге болады, 3 қосылған 7 шын мәнінде 10-ға тең. Тағы бір мысалды қарастырып көрейік. Берілгені бойынша, а азайтылған 5 тең болады -7(теріс таңбалы 7). Бұл мысалдың ерекшелігі бізге берілген сандардың бәрі теріс таңбалы. Бұл айырмашылыққа қарамастан, біз бұл теңдеуді де дәл алдыңғы мысалдағыдай ойлап шығара аламыз: Бізге а-ның сол жақта өзі қалғаны қажет. сондықтан біз теріс таңбалы 5-тен қалай болғанда да құтылуымыз керек. Ал теріс таңбалы 5-тен арылудың ең жақсы жолы оған 5-ті қосу болып табылады. Сол себепті мен дәл осылай жасаймын. Яғни, сол жаққа 5-ті қосамын. Бірақ мен сол жақ пен оң жақ тең болып қалғанын қаласам, мен сол жаққа не амал жасасам, оң жаққа да дәл соны жасауым қажет. Сондықтан мен оң жаққа да 5-ті қосамын, және осылайша, теңдеудің сол жағында а қалады да, теріс таңбалы 5 пен оң таңбалы 5 жойылып кетеді. және біз екі жаққа бірдей амалдар қолданғандықтан теңдеудің екі жағы өзара тең болып қалады. демек теріс таңбалы 2 қосылған 5 тең болады 3-ке. Сонымен а 3-ке тең. Және, сіз өз жауабыңызды тексеруіңізге болады. 3 азайтылған 5 шынымен де теріс таңбалы 2-ге тең.