If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Амалды орындау ретіне шолу

Амалды орындау реті - өрнектерді дұрыс есептеуге арналған ережелер жиынтығы. Дұрыс ретпен орындау арқылы барлығына бірдей жауап алуға болады. Көптеген адамдар амалдардың орындалу ретін ЖДКБҚА (жақшалар, дәрежелер, көбейту/бөлу және қосу/азайту) ретінде есте сақтайды.
Амалды орындау реті - бұл өрнектерді шығару ережелерінің жиынтығы. Олар бәрі бірдей жауап береуін қадағалайды.
Жақшалар: Біз жақшаның ішіндегі амалды бәрінен бұрын есептейміз. Мысалға, 2×(3+1)=2×4=8.
Дәрежелер: Біз дәрежелерді көбейту, бөлу, қосу немесе азайту алдында есептейміз. Мысалға, 2×32=2×9=18.
Көбейту және Бөлу: Біз қосу немесе азайтуды көбейту және бөлуден кейін жасаймыз. Мысалға,1+4÷2=1+2=3.
Қосу және Азайту: Соңында біз қосамыз және азайтамыз
Көптеген адамдар амалдардың орындалу тәртібін ЖДКБҚА (қалай жазылатынын айтады) ретінде жаттайды, мұнда "Ж" жақшаға, "Д" дәрежеге арналған және т.б..
Маңызды ескерту: Егер бізде бірнеше операция түрі болса, біз солдан оңға қарай жұмыс жасаймыз. Бұл 42+3 немесе 4÷23 сияқты өрнектің сол жағында азайту немесе бөлу болғанда маңызды болуы мүмкін (мұның не үшін қажет екенін түсіну үшін төмендегі 3-мысалды қараңыз).

Бірінші мысал

Есептеңіз 6×4+2×3.
Жақшалар мен дәрежелер жоқ, сондықтан біз көбейту мен бөлуден бастаймыз.
=6×4+2×3
=6×4+2×36 мен 4 көбейтіңіз.
=24+2×32 мен 3 көбейтіңіз.
=24+624 мен 6 қосыңыз.
=30... және біз аяқтадық!
Ескерту: Қосуды жасамас бұрын біз барлық көбейтуді ескердік. Егер біз 2×3 көбейткенге дейін 24+2 жасаған болсақ, біз қате жауап алған болар едік.

2-ші мысал

Есептеңіз 622(5+1+3).
=622(5+1+3)
=622(5+1+3)Бірінші жақшаның ішіндегі 5+1+3 қосыңыз.
=622(9)66=36 болатын 62 табыңыз.
=362(9)2 мен 9 көбейтіңіз.
=361836 -дан 18 азайтыңыз .
=18... және біз аяқтадық!

3-ші мысал

Есептеңіз 72+3.
Мұны істеудің дұрыс әдісі - солдан оңға қарай жұмыс жасау.
ДұрысДұрыс емес
72+3=5+3=872+3=75=2
Есіңізде болсын: "Қ" ЖДКБҚА -та "А" -дан бұрын келсе де, бұл азайтуды қоспас бұрын қосу керек дегенді білдірмейді. Қосу мен азайту амалдар реті бойынша бір "деңгейде". Көбейту мен бөлуге де қатысты.
Амалды орындау реті туралы көбірек білгіңіз келе ме?осы бейнені қараңыз.

Жаттығу

1-есеп
2+12÷2×3=
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • пи санына еселілер, мысалы 12 pi немесе 2/3 pi

Тағы да осындай тапсырмалар орындағыңыз келе ме? Бұл кіріспе жаттығуды қараңыз және мына күрделі жаттығуларды қараңыз: бірінші жаттығу және екінші жаттығу.