If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Дәрежеге кіріспе

Дәреже мен дәреженің негізін қалай пайдалану керектігін үйреніңіз. Мысалы, 4 x 4 x 4 x 4 x 4 жазылуы.
Дәреже мен негіз келесі түрде жазылады:
43
Санның үстінгі оң жағында жазылған кіші сан ол дәреже деп аталады. Дәреженің астындағы сан негіз деп аталады. Бұл мысалда негізі 4, ал дәрежесі 3.
Негізі 7, ал дәрежесі 5 болатын мысал осы:
75
Дәреже - бізге негізді сонша рет өз-өзіне көбейту керектігін айтады. Біздің мысалда 43 - бізге 4 негізін 3 рет өз-өзіне көбейту керек екенін айтады:
43=4×4×4
Көбейтулерді жазғаннан кейін өрнекті оңай шығара аламыз. Мұны осы мысал үшін жасайық:
43=4×4×4
43=16×4
43=64
Дәрежелерді қолданудың басты себебі - бұл үлкен сандарды жазудың қысқа тәсілі. Мысалы, келесіні жазғымыз келеді делік:
2×2×2×2×2×2
Берілген өрнекті жазу өте ұзақ. Оны жазатын болсақ, қолдарымыз ауырады! Бірақ бұл жерде біз 2-нің өз-өзіне 6 рет көбейтілгенін көріп тұрмыз. Оның орнына, біз 2-ні негіз ретінде және 6-ны дәреже ретінде қысқаша түрде жаза аламыз:
2×2×2×2×2×2=26
Керемет! Енді дәрежелерді толығырақ түсіну үшін жаттығу жасап көрейік.

Жаттығулар тобы:

1A есебі
Осы көбейтуді 7×7×7 дәреже ретінде жазыңыз.

Қиындатылған есептер:

2А есебі
Теңсіздікті келесі белгілермен толықтырыңыз >,<, немесе =.
25
52