If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Course: Алгебра негіздері  > Unit 4

Lesson 7: Сызықтық теңдеудің қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген теңдеуін жазу

Қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген теңдеу формасын қайталау

Қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген теңдеу және оны қолданып, есептерді шығаруды қайталау

Қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген форма деген не?

Қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент - бұл екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің нақты түрі:
y=mx+b
Теңдеу осы түрде жазылған кезде m түзудің бұрыштық коэффициентін, ал b y осімен қиылысу нүктесін білдіреді.
Қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген формасы туралы көбірек білгің келе ме? Осы видеоны қарап көр.

График сипаттамалардан немесе графиктен қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген теңдеуді табу

1-мысал: Бұрыштық коэффициент пен қиылысу нүктесінен теңдеуді анықтау

Бұрыштық коэффициент 1 және y осiмен қиылысу нүктесі (0,5) болатын түзудің теңдеуін тапқымыз келеді делік. Ол үшін қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген формасына m=1 және b=5 мәндерін қою қажет.
y=1x+5

2-мысал: Екі нүктеден теңдеу алу

(0,4) және (3,1) нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін тапқымыз келеді делік. Біріншіден, біз (0,4) нүктесі y осімен қиылысу нүктесі екенін байқадық. Екіншіден, бұрыштық коэффициентті табу үшін біз екі нүктені қолданамыз:
Бұрыштық коэффициент=1(4)30 =33=1
Енді біз теңдеуді қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген формада жаза аламыз:
y=1x4
1-есеп
Бұрыштық коэффициент 5 және y осімен қиылысу нүктесі (0,7) болатын түзудің теңдеуін жаз.
y=

Осы секілді есептерді көбірек шығарғың келе ме? Мына жаттығуларды қарап көр:

Қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген теңдеуден сипаттамалар мен графикті табу

Қиылысу нүктесі мен бұрыштық коэффициент арқылы берілген теңдеу болса, осы түзуге сәйкес бұрыштық коэффициент пен y осімен қиылысу нүктесін оңай таба аламыз. Сонымен қатар, бұл бізге графикті салу мүмкіндігін береді.
Мысалы, y=2x+3 теңдеуін алайық. Түзудің бұрыштық коэффициенті 2 екенін және y осімен қиылысу нүктесі (0,3) екенін оңай айта аламыз. Енді түзудің графигін салайық:
1-есеп
y=3x1 түзуінің бұрыштық коэффициенті қандай?
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • пи санына еселілер, мысалы 12 pi немесе 2/3 pi
Түзудің y осімен қиылысу нүктесі қандай?
(0,
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • пи санына еселілер, мысалы 12 pi немесе 2/3 pi
)

Осы секілді есептерді көбірек шығарғың келе ме? Мына жаттығуларды қарап көр: