If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Бұрыштық коэффициентке шолу

Түзудің бұрыштық коэффициенті оның көлбеулігінің өлшемі. Математикалық түрде бұрыштық коэффициентті "вертикаль өзгеріс бөлінген горизонталь өзгеріс" деп анықтайды (y-тегі өзгерістің x-тегі өзгеріске қатынасы)

Бұрыштық коэффициент деген не?

Бұрыштық коэффициент дегеніміз түзудің көлбеулігінің өлшемі.
Бұрыштық коэффициент=вертикаль өзгерісгоризонталь өзгеріс=ΔyΔx
Бұрыштық коэффициент анықтамасына тереңірек үңілгің келе ме? Осы видеоны қарап көр.

Мысал: график арқылы бұрыштық коэффициенті табу

Түзудің графигі берілген және оның бұрыштық коэффициентін табу керек.
Бұл түзу (0,5) және (4,2) нүктелері арқылы өтеді.
Бұрыштық коэффициент=ΔyΔx=2540=34
Басқаша айтқанда, түзудің бойында әрбір 3 бірлік сайын төмен қозғалғанда, оңға қарай 4 бірлікке жылжимыз.
График арқылы бұрыштық коэффициентті анықтау жайлы көбірек білгің келе ме? Осы видеоны қарап көр.

Мысал: екі нүкте арқылы бұрыштық коэффициентті табу

Бізге белгілі бір сызықтық теңдеудің екі шешімі бар дейді:
Жауабы: x=11.4   y=11.5
Жауабы: x=12.7   y=15.4
Бізден сызықтық теңдеу графигінің бұрыштық коэффициентін табуды сұрады.
Біріншіден, әрбір жауап осы түзудің бойындағы нүкте екенін түсінуіміз керек. Сонда бұрыштық коэффициенті екі нүкте арқылы табу жеткілікті: (11.4,11.5) және (12.7,15.4).
Бұрыштық коэффициент=ΔyΔx=15.411.512.711.4=3.91.3=3913=3
Түзудің бұрыштық коэффициенті 3-ке тең.
Екі нүкте арқылы бұрыштық коэффициенті анықтау жайлы көбірек білгің келе ме? Осы видеоны қарап көр.

Жаттығу

1-есеп
Төмендегі түзудің бұрыштық коэффициенті қандай ?
Нақты санды жаз.
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • пи санына еселілер, мысалы 12 pi немесе 2/3 pi

Тағы жаттығу орындағың келе ме? Осы және осы жаттығуларды жасап көр.