If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Жасуша мембранасына шолу

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
Жасуша мембранасыЖасушаны және оның ішкі ортасын қоршап тұратын мамандандырылған құрылым; жасушаға / жасушадан заттардың енуі мен шығуын бақылайды
ГидрофобтыСумен әрекеттеспейтін молекула (“судан қорқатын“)
ГидрофильдіСуды тартатын молекула (“суды сүйетін”)
АмфипатикалықГидрофобты әрі гидрофильді ұштары бар молекула
ФосфолипидГлицерол, екі май қышқылының құйрықтары және фосфат тобынан тұратын амфипатикалық липид
Фосфолипидті екі қабатҚұйрықтары ішке қарай бағытталған фосфолипидтердің қос қабатынан тұратын биологиялық мембрана
Жартылай өткізгіш мембранаКейбір белгілі бір заттардың өтуіне ғана мүмкіндік беретін мембрана

Жасуша мембранасының құрылымы мен қызметі

Жасуша мембранасы жартылай өткізгіш (немесе таңдамалы өткізгіш) болып келеді. Ол фосфолипидті екі қабатпен қоса түрлі липидтер, ақуыздар және көмірсулардар тұрады.
Перифериялық және интегралды мембрана ақуыздары, гликопротеиндер (көмірсулар қосылған ақуыздар), гликолипидтер (көмірсулар қосылған липидтер) және холестерин молекулалары бар фосфолипид қос қабатын көрсететін плазмалық мембрананың суреті.
Сурет OpenStax Biology дереккөзінен алынған.
Әр фосфолипид амфипатикалық, екі гидрофобты құйрықтары және гидрофильді басы бар. Гидрофобты құйрықтар бір - біріне ішке қарай, ал гидрофильді бастары сыртқа қарай бағытталған.
Фосфолипидтің гидрофильді басы мен гидрофобты құйрықтарын көрсететін химиялық құрылымы.
Сурет OpenStax Biology дереккөзінен алынған.
Жасуша мембранасының ерекше құрылымы кішкентай заттарға (мысалы, оттегі немесе көмірқышқыл газы) оңай өтуге мүмкіндік береді.

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Гидрофобты құйрықтар ішке, ал гидрофильді бастар сыртқа қарай бағытталады. Егер сіз осы екі ұғымды шатастырсаңыз, "фобия" сөзі "қорқыныш" дегенді білдіретіні туралы ойланыңыз. Гидрофобты құйрықтар судан қорқады, сондықтан олар әрқашан жасушадағы және оның сыртындағы сулы ерітінділерден мүмкіндігінше алыс болуға тырысады.
  • Фосфолипидті қос қабат жасуша мембранасының құрамында бар болғанымен, бұл терминдер бір-бірін алмастырмайды. Жасуша мембранасының бір бөлігі - фосфолипидті екі қабат. Алайда, жасуша мембранасы мембраналық ақуыздар мен көмірсулар сияқты басқа да макромолекулаларды қамтиды. Сондықтан жасуша мембранасы фосфолипидті қос қабаттан тұрады, бірақ одан ғана еместігін есте сақтаған жөн.