If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Арифметикалық прогрессияның рекуренттік формулалары

Арифметикалық прогрессияның рекуренттік формуласын табуды үйрен. Мысалы, 3, 5, 7,... тізбегінің рекуренттік формуласын тауып көр.
Осы сабақты өтуден бұрын, арифметикалық прогрессия формулаларының негіздерімен таныс екеніңе көз жеткіз.

Рекурренттік формула қалай жұмыс істейді

Рекурренттік формула бізге 2 түрлі ақпарат береді:
  1. Прогрессияның алғашқы мүшесі
  2. Кез-келген мүшені оның алдындағы мүшеден таба алатын ереже.
Төменде 3,5,7, тізбегінің рекурренттік формуласымен қоса әрбір бөлімге түсіндірме берілген.
{a(1)=3прогрессияның бірінші мүшесі 3-ке теңa(n)=a(n1)+2алдыңғы мүшеге 2-ні қос
Формулада, n қандай да бір мүшенің нөмірі және a(n) деген n-ші мүше. Бұл a(1) деген бірінші мүше, ал a(n1) деген n-ші мүшенің алдындағы мүше екенін білдіреді.
Мысалға, бесінші мүшені табу үшін біз тізбекті мүшелеп ұзарту керекпіз.
a(n)=a(n1)+2
a(1)=3
a(2)=a(1)+2=3+2=5
a(3)=a(2)+2=5+2=7
a(4)=a(3)+2=7+2=9
a(5)=a(4)+2=9+2=11
Керемет! Бұл формула бізге 3,5,7, тізбегімен сипатталған прогрессияны береді

Түсінгеніңізді тексеріңіз

1){b(1)=5b(n)=b(n1)+9 арқылы берілген прогрессиядағы b(4)-ті тап.
b(4)=
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • пи санына еселілер, мысалы 12 pi немесе 2/3 pi

Рекурренттік формулаларды жазу

Біз 5,8,11, арифметикалық прогрессиясының рекурренттік формуласын жазғымыз келеді делік
Формуланың 2 бөлімі келесі ақпаратты беруі керек:
  • Прогрессияның бірінші мүшесі (ол дегеніміз 5)
  • Кез-келген мүшені оның алдындағы мүшеден таба алатын ереже (ол дегеніміз "3-ті қосу")
Сондықтан рекурренттік формула келесідей болуы тиіс:
{c(1)=5c(n)=c(n1)+3

Түсінгеніңізді тексеріңіз

2) 12,7,2, прогрессиясының алдыңғы мүшесі арқылы табылатын n-ші мүшесінің формуласы қандай болады?
Дұрыс жауапты таңдаңыз:

3) 2,8,14,.. прогрессиясының рекурренттік формуласындағы қалып қойған мәндерді толықтыр.
{e(1)=Ae(n)=e(n1)+B
A=
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • пи санына еселілер, мысалы 12 pi немесе 2/3 pi
B=
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • пи санына еселілер, мысалы 12 pi немесе 2/3 pi

4) 1,4,7, прогрессиясының рекурренттік формуласындағы қалып қойған мәндерді толықтыр.
{f(1)=Af(n)=f(n1)+B
A=
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • пи санына еселілер, мысалы 12 pi немесе 2/3 pi
B=
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • пи санына еселілер, мысалы 12 pi немесе 2/3 pi

Ойлануға арналған сұрақ

5) Арифметикалық прогрессияның рекурренттік формуласы жалпы түрде мынадай болады.
{g(1)=Ag(n)=g(n1)+B
Прогрессияның айырымы неге тең болады?
Дұрыс жауапты таңдаңыз: