If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Репродукция типтеріне шолу

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
Жыныстық көбеюАта-аналық екі ағзаның қатысуымен жаңа дараның пайда болу процесі
Жыныссыз көбеюБір ата-аналық организмнің қатысуымен жаңа дараның пайда болу процесі
ҰрпақКөбею нәтижесінде пайда болатын жаңа организм
ГаметаЖыныстық жасуша (аталық: сперматозоидтар; аналық: жұмыртқа)
ҰрықтануЖаңа организм түзу үшін гаметалардың қосылуы
ЗиготаЕкі гаметаның бірігуінен пайда болған жасуша

Көбею түрлері

Көбеюдің екі негізгі түрі бар: жыныстық және жыныссыз.

Жыныстық көбею

Жыныстық көбею екі ата-ананы қажет етеді. Әрбір ата-ана дене жасушасы ДНҚ-ның жартысына ие гамета деп аталатын жыныстық жасушаны қосады. Аталықтарда гаметалар сперматозоидтар, ал аналықтарда жұмыртқа жасушалары болып табылады.
Осы екі гаметалар ұрықтану кезінде қосылып, зигота түзеді, одан әрі дамып, эмбрионға айналады.
Жыныстық көбею процесіне шолу.
Кескін авторы: OpenStax

Жыныссыз көбею

Жыныссыз көбею тек бір ғана ата-ананы қажет етеді.
Жыныссыз көбеюдің көптеген түрлері бар. Төрт негізгі түрі:
1) Бөліну: Жалғыз жасуша өзінің ДНҚ-сын екі есе көбейтеді, содан кейін екі жасушаға бөлінеді. Әдетте бактерияларда кездеседі.
Бөліну кезіндегі прокариотты жасуша
Бөліну кезіндегі прокариотты жасуша. _Сурет өзгертілген Wikimedia, (CC BY-SA 3.0)._
2) Бүршіктену: Ата-анасының бетіндегі ұсақ өсінді үзіліп, нәтижесінде екі индивид қалыптасады. Ашытқыларда және кейбір жануарларда кездеседі (төмендегі гидра тәрізді).
Гидра жыныссыз жолмен бүршіктеніп көбейеді
Гидра жыныссыз жолмен бүршіктеніп көбейеді. Сурет иесі: Шексіз
3) Үзбелену: Ағзалар жаңа дараға айналатын екі немесе одан да көп бөлшектерге бөлінеді. Көптеген өсімдіктерде, сондай-ақ кейбір жануарларда (коралл, губка, теңіз жұлдыздары сияқты) кездеседі.
Қолынан айырылып жатқан теңіз жұлдызы. Қол үзіндісінен тағы бір теңіз жұлдызы пайда болады, ал түпнұсқа теңіз жұлдызы жоғалған қолын қалпына келтіреді.
Бұл теңіз жұлдызы қолынан айырылды. Фрагмент жаңа дараға айналады, ал ата-ана үзілген қолын қалпына келтіреді. Кескін иесі: OpenStax
4) Партеногенез: Эмбрион ұрықтанбаған жасушадан дамиды. Омыртқасыздарда, сондай-ақ кейбір балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда кездеседі.
Партеногенез нәтижесінде пайда болған Комодо айдаһары.
Parthenogenesis жолымен пайда болған Комодо айдаһары. Сурет:Wikimedia, (CC BY-SA 3.0).

Жыныстық және жыныссыз көбеюді салыстыру

ЖыныстықЖыныссыз
2 ата-ана қажет1 ата-ана қажет
Сперматозоидтар жұмыртқаны ұрықтандырадыЖалғыз организм өзінің дәлме-дәл көшірмесін жасайды
Жануарлар, гүлді өсімдіктер, кейбір саңырауқұлақтар қолданадыБактериялар, кейбір өсімдіктер мен саңырауқұлақтар, кейбір жануарлар (губкалар)
Ұрпақ ата-анадан ерекшеленедіҰрпақ ата-анаға ұқсас
Генетикалық вариацияны қамтамасыз етеді, бірақ көп уақытты қажет етедіЖылдам және қарапайым, бірақ генетикалық өзгеріс жоқ

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Жыныстық көбею жыныссыз көбеюге қарағанда «жақсырақ» немесе керісінше емес. Егер көбеюдің бір түрі екіншісіне қарағанда тиімді болса, біз барлық ағзалар осылай көбейетін еді. Алайда әртүрлі ағзаларда көбеюдің екі түрі де кездеседі, бұл көбеюдің әр түрі эволюциялық артықшылығы бар екендігін білдіреді.
Мысалы, жыныстық көбею нәтижесінде өзгергіштік пайда болады, бірақ жүктілік әдетте ұзақ уақытты алады және бұл ата-ананың үлес қосуын қажет етеді. Жыныссыз көбею тез жүреді, бірақ барлық ұрпақтың генетикалық ақпараты бірдей болғандықтан, ағзалар ауруға бейім.
  • Бүршіктену мен үзбелену дегеніміз бір нәрсе емес. Ұқсас болып көрінгенімен, үзбелену кезінде ата-ана денесі бөлек бөлшектерге бөлініп, әрбір бөлшек жаңа дараға немесе ұрпаққа айналады. Бүршіктеу кезінде ата-анасында дамитын өсінді (бүршік) болуы керек.
  • Кейбір организмдер екеуін де: жыныстық және жыныссыз көбеюді жүзеге асыра алады. Бұл әсіресе саңырауқұлақтар мен өсімдіктерге қатысты (сирек, жануарлар - партеногенездегідей). Көбіне көбею түрі олардың қоршаған ортаның жағдайына немесе тіршілік айналымындағы кезеңіне байланысты болады.
  • Жыныстық көбею үшін екі ата-ана қажет болғанымен, олар әрқашан екі бөлек тұлға бола бермейді. Бұл түсініксіз болып көрінуі мүмкін, бірақ кейбір организмдер гермафродитті, яғни оларда аталық та, аналық та гаметалар бар. Бұл жағдайда организмдер өздігінен ұрықтана алады. Бұл гаметалар бір жеке адамнан шыққанына қарамастан, біз оны жыныстық көбею ретінде қарастырамыз, өйткені екі гаметалар қатысады.