Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 4
Lesson 3: Жасушалық цикл және митозЖасушалық цикл және митозге шолу
Негізгі терминдер
Термин | Мағына |
---|---|
Жасуша циклі | Жасушаның пайда болуы мен көбеюі арасындағы өсу мен даму қадамдарының тізбегі |
Интерфаза | Жасуша өсетін және өзінің ДНҚ көшірмесін жасайтын жасуша циклінің сатысы |
Митоз | Жасуша өзінің ДНҚ-сының екі жиынтығын екі жаңа жасушаға беріп, бөлінетін жасуша циклінің сатысы |
Қатерлі ісік | Жасушалардың бақылауға бағынбай өсуінен болатын ауру |
Жасуша циклі
Эукариотты жасушаларда, жасуша циклі екі басты фазаға бөлінеді: интерфаза және митоз (немесе митоздық (М) фаза).
Интерфаза - жасуша циклінің ең ұзақ бөлігі. Бұл- митозға көшпес бұрын, жасушаның өсіп және өзінің ДНҚ-сын көшіру кезі. Митоз кезінде, хромосомалар бір қатарға тізіліп, бір-бірінен бөлініп, жаңа еншілес жасушаларға адырайды.
Интер- префиксі аралық дегенді білдіретіндіктен, интерфаза бір митоздық (М) фаза мен келесі фаза арасында өтеді.
Интерфаза
Интерфаза үш кезеңнен тұрады:
- Gstart subscript, 1, end subscript фаза: пресинтетикалық фаза; жасуша үлкейіп өсіп, органеллалар көшіріледі
- S фаза: синтез фазасы; жасуша өзінің ядросындағы ДНҚ-ның толық көшірмесін синтездейді
- Gstart subscript, 2, end subscript фаза: постсинтетикалық фаза; жасуша одан ары өсіп, нәруыздар мен органеллалар жасайды, және митозға дайындық ретінде құрамын қайта ұйымдастыра бастайды
Бөлінетін жасушалар Gstart subscript, 2, end subscript-ны аяқтап, митозға өтеді. Баяу бөлінетін немесе мүлдем бөлінбейтін жасушалардың басқа түрлері Gstart subscript, 1, end subscript фазасынан шығып, Gstart subscript, 0, end subscript деп аталатын бөлінбейтін күйге кіруі мүмкін. Кейбір жасушалар мұнда белгісіз мерзімге қалады, ал басқалары қолайлы жағдайлар болғанда бөлінуін қайта бастай алады.
Митоз (М фаза)
Митоз процесі немесе жасушалардың бөлінуі М фазасы деген атаумен де белгілі. Осы кезде жасуша интерфазада көшірілген ДНҚ мен цитоплазманы бөліп, екі жаңа, бірдей еншілес жасушалар жасайды.
Митоз төрт негізгі фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Митоздың кезеңдері
Қатерлі ісік және жасушалық циклдің реттелуі
Бақылау пункттері
Жасушалық цикл әдетте бақылау нүктелерімен реттеледі. Бұлар арқылы жасуша циклінде сыртқы сигналдар (молекулалық сигналдар сияқты) мен ішкі сигналдарды (ДНҚ-ның зақымдалуы сияқты) ескере отырып алға қозғалу не қозғалмау туралы шешім қабылданады.
Қатерлі ісік
Қатерлі ісік - жасушаның бақылауға бағынбай өсуінен туындайтын көптеген әртүрлі ауруларды сипаттайтын термин.
Қатерлі ісіктердің көпшілігі, олардың жылдам бөлінуін, жасушалардың бөлінуі кезінде бақылау пункттерін айналып өтуін, апоптоздан (жасушаның бағдарламаланған өлімінен) құтылып кетуін тудыратын мутациялардың кесірінен туындайды.
Жалпы, жасуша айналымын реттеушілердің екі түрінің мутациясы қатерлі ісіктің дамуына ықпал етуі мүмкін:
- Әдетте жасушалардың өсуіне ықпал ететін оң реттегіштердің белсенділігі шамадан тыс артуы мүмкін (онкогендік).
- Ісіктердің пайда болуына жол бермейтін теріс реттегіштер (ісік тежегіштері) белсенділігін жоғалтуы мүмкін.
Жалпы қателіктер мен қате түсініктер
- Интерфаза митоздың бөлігіне кірмейді. Интерфаза мен митоз туралы бірге жиі айтылса да, интерфаза техникалық тұрғыдан митоздың бөлігі емес. Алайда, бұл екі процесс те үлкен жасушалық циклдің бөлігі, мұнда интерфаза жасушалық циклдің Gstart subscript, 1, end subscript, S, және Gstart subscript, 2, end subscript кезеңдерінен тұрады.
- ДНҚ репликациясы профаза емес, интерфаза кезінде жүреді. ДНҚ өзін профаза кезінде көшіреді деген жалпы жаңылыс бар, бірақ бұл дұрыс емес. Профаза кезеңінде, ДНҚ интерфазадан кейін көшіріліп қойған.
- Еншілес жасушалардағы хромосома саны ата-ана жасушасымен бірдей. Жасуша митоздан өтпес бұрын интерфаза кезінде ДНҚ көшірілетіндіктен, бастапқы ата-ана жасушасы мен еншілес жасушалардағы ДНҚ мөлшері бірдей.
- Генетика да, сыртқы әсерлер де қатерлі ісік ауруының пайда болуына үлесін қоса алады. Көптеген қатерлі ісік түрлерінің генетикалық құраушысы бар, сондықтан белгілі бір гендердің тұқым қуалауы сол типті қатерлі ісіктің пайда болу ықтималдығын арттыруы мүмкін. Алайда бұл гендердің болуы міндетті түрде қатерлі ісік дамитындығын білдірмейді, өйткені өмір салты мен қоршаған орта сияқты факторлар да маңызды рөл атқарады.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.