Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 4
Lesson 4: МейозМейозға шолу
Негізгі терминдер
Термин | Мағынасы |
---|---|
Гамета | Жыныстық жасуша (адамда: аталықтарда сперматозоид, ал аналықтарда жұмыртқа жасушасы) |
Мейоз | Гаметалар (жыныс жасушалары) қалыптастыру үшін жүретін жасушалардың бөлінуінің екі сатылы процесі. |
Кроссинговер | Гомологиялық хромосомалардың бөліктермен алмасу процесі |
Интерфаза | Жасуша өсіп, ДНҚ-ны көшіретін жасуша циклінің фазасы |
Гомологиялық хромосомалар | Бір-біріне өте ұқсас және мөлшері/пішіні бірдей хромосомалар жиынтығы (әр ата-анадан біреуі) |
Апалы хроматидтер | Көшірілген хромосоманың екі жартысы |
Диплоидты (2n) | Құрамында гомологиялық хромосомалардың екі жиынтығы бар жасуша |
Гаплоидты (n) | Бір ғана гендер жиынтығынан тұратын жасуша |
Мейоз
Мейоздың мақсаты - гаметалар немесе жыныс жасушаларын түзу. Мейоз кезінде төрт еншілес жасушалар пайда болады, олардың әрқайсысы гаплоидты (құрамында ата-аналық жасушадағы хромосомалар жиынтығының жартысы бар).
Мейоз кезеңдері
Мейоз екі бөлек жасуша бөлінуінен тұрады, яғни бір ата-аналық жасушадан төрт гамета түзілуі мүмкін (аналықтарда жұмыртқа жасушасы, аталықтарда сперматозоид). Жасушалардың бөлінуінің әр айналымында жасушалар төрт кезеңнен өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
I мейозға енер алдында жасуша интерфаза арқылы өтуі керек. Бұл митозға дейін болатын интерфаза екеуі бір құбылыс. Жасуша өсіп, хромосомаларын көшіреді және интерфазаның Gstart subscript, 1, end subscript фазасында, S фазасында және Gstart subscript, 2, end subscript фазасында бөлінуге дайындалады.
I мейоз
I мейоз - бұл гомологты жұптарды бөлуге бағытталған жасушалардың бөлінуінің бірінші айналымы.
II мейоз
Жасушалардың бөлінуінің екінші айналымы - II мейоз, ол апалы хроматидтерді бөлуге бағытталған.
Жалпы қателіктер мен жаңылыстар
- Интерфаза мейоздың құрамына кірмейді. Мейоз басталмас бұрын жасуша интерфазадан өтуі керек болса да, интерфаза техникалық тұрғыдан мейоздың құрамына кірмейді.
- Кроссинговер тек І профаза кезінде болады. Гомологиялық хромосомалар арасында уақытша пайда болатын кешен тек I профазада болады, бұл жасушаның гомологиялық жұптың арасында ДНҚ сегменттерін алмастырудың жалғыз әдісі.
- Мейоз барлық жасушаларда бола бермейді. Мейоз тек репродуктивті жасушаларда пайда болады, өйткені мақсаты ұрықтануға қатысатын гаплоидты гаметалар жасау.
- Мейоз маңызды, бірақ ол көбеюмен бірдей емес. Мейоз жыныстық көбею үшін қажет, өйткені гаметалардың түзілуіне әкеледі (сперматозоидтар мен жұмыртқалар). Алайда, жыныстық көбею ұрықтану (гаметалардың бірігуі) құбылысын қамтиды, ол мейоздық процестің құрамына кірмейді.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.