Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 4
Lesson 2: Хромосоманың құрылымы және сандарыХромосомның құрылымы мен сандарына шолу
Негізгі терминдер
Термин | Мағынасы |
---|---|
Геном | Организмнің ДНҚ-сындағы барлық генетикалық ақпараттың жиынтығы |
Хромосома | ДНҚ мен ақуыздан тұратын, генетикалық ақпарат сақталған жіп тәріздес құрылым |
Гомологты хромосомалар | Бір-біріне өте ұқсас және өлшемі/пішіні бірдей хромосомалар жиынтығы (әр ата-анадан біреу) |
Диплоид (2n) | Гомологты хромосомалардың екі жиынтығы бар жасуша |
Гаплоид (n) | Гендердің жалғыз жиынтығы бар жасуша |
Жыныстық хромосома | Организмнің жынысын анықтайтын екі хромосоманың бірі (X немесе Y) |
Аутосома | Жыныстық емес хромосома |
Кариотип | Жұптасқан диплоидты хромосомалар жиынтығының микрографикалық суреті |
ДНҚ және хромосомалар
Жасушаның ДНҚ жиынтығы геном деп аталады. Біз организмдердің немесе түрлердің геномына жүгіне аламыз, себебі бір түрге жататындардың геномдары ұқсас келеді.
Прокариоттардың көпшілігінде ДНҚ хромосомасы шеңберлі келеді. Генетикалық ақпараты цитоплазмада орналасқан.
Эукариоттық ДНҚ-ның құрылымы және ұйымдастырылуы күрделі, онда бірнеше хромосомалар болады. Бұл хромосомалар ядроның ішінде оралып сақталады.
Хромосома саны
Әр түрге жататын ағзалардың өзіне тән хромосомалар саны болады. Мысалы, адамдар диплоидты (2n) және олардың қалыпты дене жасушаларында 46 хромосома болады. Бұл 46 хромосома 23 жұпқа ұйымдастырылған: 22 жұп аутосома және 1 жұп жыныстық хромосома.
Адамның жыныс жасушалары гаплоид (n), оларда әр жұптан тек бір гомологты хромосома болады. Яғни жыныс жасушалары ұрықтану кезінде қосылғанда, толық диплоид жиынтығы қалыптасады.
Бөлініп жатқан жасушаны суретке түсіру арқылы организмнің толық хромосомалар жиынтығын көруге болады. Кейін бұл суреттерден кариотип дайындалады.
Жалпы қателіктер мен қате түсініктер
- Эукариоттық хромосомалар екі апалы хроматидтен тұрады. Апалы хроматидтер бір-біріне ұқсас және центромера деп аталатын тығыздалған аймақта біріккен. Бұл жасушаның бөлінуі кезіндегі хромосомалардың екі еншілес жасушаларға ажырауына маңызды. Апалы хроматидтер центромерада байланысқан күйінде бір хромосома (X-пішінді) болып саналады. Бірақ, олар жасушаның бөлінуі кезінде бір-бірінен ажыратылғанда, әрқайсысы бөлек хромосома болып саналады.
- Хромосомалар, ДНҚ, гендер және геномдар бір нәрсе емес. Кейде бұл сөздер өзара ауыстырылып қолданылады, бірақ олар бірдей емес. ДНҚ барлық тірі ағзалардағы генетикалық материалдардың негізгі құрылыс бірлігі. ДНҚ-ның өте ұзын тізбегі хромосоманы түзе алады. Бұл хромосомаларда белгілі ақуыздарды кодтайтын, ген деп аталатын аймақтар болады. Организмдегі барлық түрлі хромосомалар организмнің геномын құрайды. Басқаша айтқанда: геном хромосомалардан тұрады, хромосомалар гендерден, ал гендер ДНҚ-дан тұрады.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.