If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет
Қазіргі уақыт:0:00Жалпы видео ұзақтығы:10:09

Видео транскрипті

маған мына сурет расымен де ұнайды. Бұл сурет біздің денемізде жүрек қай жерде орналасқандығын көрсетеді. сонымен, сіз жүректің екі жағынан қабырғалармен қоршалғандығын көріп тұрсыз, солай ма? бұл суретте өкпелер көрінбейді,бірақ мен салып көрсетейін мынау оң жақ өкпе және мына жақтан сол жақ өкпені көреміз. Сонымен, сіздің жүрегіңіздің орны: екі өкпенің арасында. мен оң және сол жақтарды суреттегі адамға қатысты айтып тұрмын. Сонымен,бұл бізге қарама-қарсы оң және сол жақтар. Жүрек екі өкпенің арасында орналасқан және қабырғалармен қорғалады, қабырғалар осы маңызды мүшелерді сақтап тұрады. Және олардың төменгі жағында өте-өте маңызды бұлшықетті көре аласыз. Бұл бұлшықет туралы адамдар көп айта бермейді, және бұл бұлшықет спорт залда шынықтыратын бұлшықет емес, бұл бұлшықетті көкет деп атайды. Сонымен сіздің көкет бұлшықетіңіз және қабырғаларыңыз кеңістік құрайды, Көкет осы кеңістіктің төмен жағын, ал қабырғалар төбесі мен бүйірлерін құрайды. Егер сіз осы кеңістіктің ішіне қарасаңыз, өз өкпелеріңізді және жүрегіңізді көре аласыз. Осы барлық кеңістік кеуде қуысы деп аталады. Сонымен, жүректің қызметі қандай? Аздаған орын қалдырып, жүректің ұлғайтылған нұсқасын жасайық. Жүректі бағдар ретінде алып бастайық. Мынау біздің оң жақ өкпеміз және басқа жағында сол жақ өкпеміз. Және мұның барлығы кеуде қуысының ішінде орналасуы тиіс, бірақ мен қазір мұны сала алмаймын, өйткені бұл жүректің өзін көруге қиындық тудырады. Сонымен жүректің қызметі туралы ойлайық, түсіндірудің мен бір жолын ойлап тұрмын, бұл өзіңізді жасуша ретінде елестету. Сонымен өзіңізді жасушаның орнына қойып көріңіз, және сізді осы маңайда көңіл көтеріп жүрген жасуша дейік. Мынау -сіз. Өзіңіз бола алатын кез келген дене бөлігі туралы ойлай аласыз. Кішкентай бақай жасушасы айталық. Сонымен, сіз бақай жасушасысыз және сіздің жұмысыңыз, әрине өмір сүру және бақытты болу, және сіздің жаныңызда кішкентай қан тамыры бар. Біздің денеміздегі әрбір жасушаның жанында кішкентай қан тамыры болатыны белгілі. Және мына бақай жасушасы жай ғана өмір сүруге тырысады. Және ,бақай жасушасы белгілі бір заттарды қажет етеді, солай ма? Олар мысалы, оттегіні қажет етеді. Мен мұны түсінікті болу үшін ақпен жазамын. Олар оттегіні және қоректі қажет етеді, солай ма? бір жағынан, жасушалар өмір сүруі және бақытты болу үшін белгілі бір заттар керек. екінші жағынан, олар қалдықтар шығарады. Және қалдықтар кез-келген зат болуы мүмкін, және солардың бір түрі - көмірқышқыл газы(CO2). ол осы жасушалардың қалдығы. Сонымен олар қалдық шығаруда және осы уақытта қан тамыры жоқ деп елестетейік. Сонымен, тіпті жасуша жанында қан тамыры болғанымен, қанның ағысы болмайды, мен жай ғана "ағыс жоқ" деп жазамын. Сонымен кішкентай жасуша қалдық шығарады. Бұл қалдық осы сияқты кішкентай нүктелерді бейнелейді, және ол жинала береді де, қан расымен де ақпайтындай үлкен болып жинақталып қалады. Біздің бақай жасушамыз батпақтана бастайды, және өз қалдықтарына көміліп қалады Және кері жағында оттегі мен қорек өтеді ме? Жоқ. Мұнда бұл заттардың ешқайсысы өтпейді. Осы кезде біздің бақай жасушамыз "Бұл өмір сүрудің ең бақытты жолы емес" деп ойлайды, бұл расымен өте қайғылы, өте қорқынышты. Егер осылай жалғаса берсе, бақай жасушасы өліп қалады. Сонымен, бақай жасушасы нені қажет етеді, және әрбір жасушаға не қажет, мейлі ол саусақтікі болсын, мейлі тері жасушасы болсын ағысты қажет етеді. Дұрыс па? Ол жақсы және біркелкі ағатын қанды қажет етеді. Егер мұнда ағыс болса, сіз мүлдем басқа сурет аласыз, рас қой? Егер ағыс болса, барлық кездейсоқ, барлық қалдық өнімдер қазір көтеріледі және шығарылады. Ол ағып кетеді, және бұл біреу келіп, үйдегі барлық қоқысты алып кеткен сияқты, және сіздің бүкіл үйіңізде қоқыс болмайды. Сонымен , сізде жақсы ағыс бар, және, өз кезегінде оттегі мен қорек жеткізіледі. Және жасуша өте өте бақытты болады және жақсы өмір сүре бастайды. Егер сіз расымен, денеңіздегі барлық жасушалар осы жасуша сияқты жақсы өмір сүрсін десеңіз, сіз бүкіл денеңіздегі жақсы ағысты қажет етесіз. Сізге қандай да бір жолмен қанды қозғалту және үнемі денеге итеріп отыру керек. Мұны миллион жасуша үшін атқаруға сізге өте мықты сорғы керек, рас па? бүкіл қанды денеден шығара алатын және денеге кері айдай алатын нәрсе. Міне, жүрек қандай қызметпен айналысады. Бұл керемет сорғы, қанды айдайды, міне, сондықтан сіздің қан ағысыңыз жақсы. Мен мұны шетіне нөмір бірінші жұмыс деп жазамын. Бұл жүректің қызметі. Сонымен, нөмір бірінші жұмыс - қан ағысын қамтамасыз ету. Және мен жүйелі ағысты жазатын боламын. Мен жүйелі деген сөзді айтқанда, мен бүкіл дене туралы айтып тұрмын. Денедегі барлық жасушаларды. Мұның қалай болатындығын суреттен көре аласыз. Мында сізде үлкен көктамыр бар, мынау көктамыр, мынау көктамыр, және сізде күретамыр бар. Мынау күретамыр. Және қан күретамыр арқылы ағады. Және екі көктамырға келеді, біреуі үстіңгі жағына келеді, оны жоғарғы деп атайды, жоғарғы деген жай ғана үстіңгі деген мағынаны білдіреді. Жоғарғы қуыс көктамыры. Бұл көктамырдың аты.Сіз төменгі жағын көре алмайсыз, өйткені бұл жүректің басқа жағында, бұл екінші көктамырды төменгі қуыс көктамыры деп атайды. Мынау екеуі де, мынау да көктамыр,мына екі көктамыр қанды бүкіл денеден жүрекке әкеледі. жүрек кері итеруге дайын болғанда, қан осы күретамырдың ішіне ағады, бұл күретамырдың аты - қолқа. Егер сіз қолқа туралы естіген болсаңыз, бұл адамдар айтып жүрген күретамыр. Бірақ бұл жүректің тек бір ғана қызметі. Жүректің екінші қызметі де мына суретте көрсетілген. Ол өкпелік қан айналым деп аталады. Өкпелік қан айналым. Бұл нені білдіреді? Жақсы, біз жасушалар оттегін күтетіндігін білеміз, солай ма? Біз мұны білеміз. Және оларда көптеген көмірқышқыл қалдығы бар. Бұл қанды айналаға қозғалтуға жақсы себеп. Бірақ егер сіз көмірқышқыл газын ешқашан шығармайтын болсаңыз немесе жаңа оттегін енгізбесеңіз, жасуша бақытты болмайды. Сізде қан айналымы болуы мүмкін, бірақ қандай да бір уақытта оған оттегі қажет болады. Және ол көмірқышқыл газынан құтылуға тырысады. Сонымен, міне, өкпелер қатысатын жер. Жүрек қанды аортаға шығармай тұрып, оны денеге таратпай тұрып, қанды алдымен өкпеге жібереді. Қан оң өкпеге және сол өкпеге өтеді. Және қан оң өкпеден және сол өкпеден артқа оралып, қайта жүрекке құйылады, сосын қолқа арқылы шығарылады. Сонымен, бұл қан өкпелерден келіп жинақталып, өкпелік шеңберді құрайтын қосымша кішігірім айналым. Және соңында, егер сіз мына суретке қарайтын болсаңыз, бүкіл жүрек маңайындағы ирек тәрізді қан тамырларын байқау қиын емес. Бұл не нәрсе? Мында қызыл нәрсе бар, көк нәрсе бар, және көк нәрсе бұл көктамыр, ал қызыл нәрсе - күре тамыр, бірақ олар жүйелі айналым бөлігі ме, әлде өкпе айналымының бөлігі ме, немесе басқа нәрсе ме? Мыналар-тамырлар, олардың барлығы бірге жүрек қан тамырлары деп аталады. Және сіз жүрек күре тамырлары, немесе жүрек көк тамырлары туралы естуіңіз мүмкін, бірақ сіз оларды бірге қосып жүрек қантамырлары деп айта аласыз. Мен мына жерге қан сөзін қосамын. Сонымен, жүрек қантамырлары жүрек бұлшықеттеріне қызмет етеді. Еске түсірейік, жүрек мыңдаған және он мыңдаған жасушалардан тұрады, және біз бұрынырақ салып көрсеткен бақай жасушасы тәрізді бұл жасушалар да оттегін, қоректі қажет етеді және қалдық шығарады. Және де бұл жасушалар оларды жақсы қамтамасыз ететін қан тамырларын қажет етеді. Сонымен, жүрек қантамырлары дегеніміз не? Олар жүрекке келетін және жүрекке қызмет ететін қантамырлары. Мынау жүрекке қызмет ететіндері. Қазір, егер олар жүрек бұлшықеттеріне және жүрек жасушаларына қызмет ететін болса, олар жүйелі айналымға жатады ма, әлде өкпе айналымына ма? Егер олардың негізгі жұмысы жасушалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету болса, онда жүрек қантамырлары жүйелі айналымға жатады.
Biology is brought to you with support from the Amgen Foundation