If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Фотосинтезге шолу

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
ФотосинтезӨсімдіктердің, балдырлардың және кейбір бактериялардың жарық энергиясын қант түріндегі химиялық энергияға айналдыру процесі
ФотоавтотрофЖарық энергиясын пайдаланып, қоректік заттарын өзі өндіретін ағза (өсімдіктер сияқты)
АТФАденозин трифосфаты, тірі ағзалардағы алғашқы энергия тасымалдаушысы
ХлоропластФотосинтез жүретін өсімдік жасушаларының құрылымы
ТилакоидтарХлоропласттағы жарықты сіңіруге көмектесетін диск тәрізді құрылымдар
ГранаХлоропласттағы тилакоидтар шоғыры
ХлорофиллЖарық энергиясын сіңіретін және оны көмірсулар алу үшін пайдаланатын тилакоид құрамындағы пигмент
СтромаГрананы қоршайтын сұйықтықпен толтырылған кеңістік

Фотосинтез реакциясы

Фотосинтез кезінде фотоавтотрофтар глюкоза мен оттегі түзу үшін күн энергиясымен қатар көмірқышқыл газы мен суды пайдаланады.
Фотосинтездің жалпы теңдеуі:

Фотосинтез кезеңдері

Фотосинтездің екі негізгі кезеңі бар: жарыққа тәуелді реакциялар және Кальвин циклі.
КезеңОрналасқан жеріОқиғаларКүн сәулесін қажет етеді ме?
Жарыққа тәуелді реакцияларТилакоид мембранасыЖарық энергиясын хлоропласттар жинайқтайды және АТФ түрінде сақтайдыИә
Кальвин цикліСтромаАТФ өсімдіктің өсуі мен өмір сүруі үшін пайдаланылатын қанттарды жасау үшін қолданыладыЖоқ
Сурет "Overview of photosynthesis: Figure 6" сайтынан өзгертілді, OpenStax College, Biology, CC BY 3.0

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Фотосинтез және жасушалық тыныс алу - бұл қарама-қарсы процестер. Олардың теңдеулеріне қарап, олар тек жұтылатын немесе босатылатын энергия түрінде ерекшеленеді. Алайда, олар тек бір-бірінің қарама-қарсы түрлері емес, өйткені олардың әрқайсысы өзінің белгілі бір кезеңдерінде жүреді.
  • Өсімдіктер жасыл, өйткені хлорофилл жасыл жарықты шағылыстырады. Көптеген адамдар хлорофиллді жасыл деп санайды, өйткені ол жасыл жарығын сіңіріп, қолданғысы келеді. Алайда, олай емес. Біз көріп отырған түс шын мәнінде шағылысқан жарықтың түсі. Демек, хлорофилл қызыл және көк жарықты жұту арқылы жасыл жарықты көрсетеді.