Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 3
Lesson 3: Активті және пассивті тасымалдауПассивті тасымалдауға шолу
Негізгі терминдер
Термин | Мағынасы |
---|---|
Пассивті тасымал | Жүзеге асыру үшін энергияны қажетсінбейтін тасымалдау түрі |
Концентрация градиенті | Заттың концентрациясы өзгеріске ұшырайтын кеңістік аймағы |
Өткізгіштік | Заттардың өтуіне мүмкіндік беретін мембрананың қасиеті |
Тепе-теңдік | Заттың бүкіл кеңістікте біркелкі таралуының жағдайы |
Пассивті тасымал түрлері
Диффузия
Диффузия процессі кезінде, концентрация бүкіл кеңістікте біркелкі таралмағанша, бөлшектер жоғары концентрациялы аймақтан төмен концентрациялы аймаққа өтеді.
Бұл жасушаларға енетін және олардан шығатын кейбір бөлшектерге де қатысты. Жасуша мембранасының жартылай өткізгіштігіне байланысты көмірқышқыл газы мен оттегі сияқты кішкене әрі зарядталмаған бөлшектер одан оңай өте алады. Алайда, зарядталған иондар немесе үлкен молекулалар тасымалдың өзге түрін қажет етеді.
Жеңілдетілген диффузия
Газдар жасуша мембранасының фосфолипидтері арасынан оңай таралуы мүмкін, бірақ көптеген полярлы немесе зарядталған бөлшектерге (мысалы, хлорид) бұл үшін мембраналық ақуыздардың көмегі қажет. Мембраналық ақуыздар өткізгіш немесе тасымалдаушы ақуыздар болуы мүмкін.
Бұл бөлшектер үшін де концентрация градиенті болғанымен, олардың заряды немесе полярлығы жасуша мембранасының гидрофобты орталығынан өтуіне мүмкіндік бермейді. Жеңілдетілген диффузия арқылы тасымалданатын заттар әлі де концентрация градиентімен қозғалады, бірақ тасымалдау ақуыздары оларды гидрофобты аймақтан қорғайды.
Жалпы қателіктер мен қате түсініктер
- Барлық бөлшектер жасушаға пассивті тасымал арқылы ене бермейді. Су, көмірқышқыл газы және оттегі сынды ең кіші молекулалар ғана жасуша мембранасы арқылы еркін өтеді.Ал, үлкен немесе зарядталған молекулалардың жасушаға тасымалдануы үшін энергия қажет.
- Жүйе тепе-теңдікке жеткен жағдайда да жасуша мембранасы бойымен жүретін бөлшектер қозғалысы тоқтамайды. Жалпы концентрация өзгермейді, өйткені бөлшектердің бірдей мөлшері екі бағытта үнемі еніп, шығады. Бұл бөлшек концентрациясында жүйелік өзгеріс орын алмайтынын білдіреді.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.