If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Активті тасымалдауға қайта шолу

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
Активті тасымалдауЖүзеге асуы үшін энергияның жүйеге енгізілуін қажет ететін тасымалдау түрі
Концентрация градиентіЗаттың концентрациясы өзгеріске ұшырайтын кеңістік аймағы
АТФАденозинтрифосфат, тірі организмдердегі энергияның негізгі тасымалдаушысы

Активті тасымалдау

Активті тасымалдау кезінде бөлшектер концентрация градиентіне қарсы бағытта, яғни төмен концентрациялы аймақтан жоғары концентрациялы аймаққа өтеді. Процесс энергияны(әдетте АТФ түрінде) қажет етеді, сондықтан "активті" тасымалдау деп саналады. Бұл пассивті тасымалға қарама-қарсы үдеріс.
Сурет: OpenStax Biology дереккөзінен. Mariana Ruiz Villareal түпнұсқалық жұмысы.
Активті тасымалдау жүзеге асуы үшін тасымалдаушы ақуыздардың көмегі қажет. Бұл процесс кезінде АТФ гидролизі жүріп, нәтижесінде ақуыздар конформациялық өзгерістерге ұшырайды.

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Активті тасымалдау жеңілдетілген диффузиямен бірдей емес. Активті тасымалдау және жеңілдетілген диффузия процесстері, екеуі де, ақуыздарды пайдаланады. Алайда, активті тасымалдау концентрация градиентіне қарсы бағытта жүреді: бөлшектер төмен концентрациялы аймақтан жоғары концентрациялы аймаққа таралады. Сонымен қоса, олар ақуыздардың бөлек, әртүрлі түрлерін қолданады. (Төменде қараңыз)
  • Активті тасымалдау өткізгіш емес, тасымалдаушы ақуыздарды пайдаланады. Бұл тасымалдаушы ақуыздар жеңілдетілген диффузиядағы өткізгіш ақуыздардан ерекшеленеді, өйткені активті транспорттағы тасымалдаушы ақуыздарға конформациясын өзгерту үшін АТФ қажет. Активті тасымалдауда өткізгіш ақуыздар қолданылмайды, өйткені бөлшектер бұл өткізгіш ақуыздар арқылы тек концентрация градиенті бойымен қозғалады.