Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 3
Lesson 1: Метаболизмге кіріспеМетаболизмге кіріспеге шолу
Негізгі терминдер
Термин | Мағына |
---|---|
Метаболизм | Жасуша ішіндегі барлық химиялық реакциялардың жиынтығы |
Анаболизм | Жай молекулалардан күрделі молекулалардың түзілуі |
Катаболизм | Күрделі молекулалардың жай молекулаларға ыдырауы |
Экзергоникалық реакциялар | Сыртқы ортаға энергия бөле жүретін реакция |
Эндергоникалық реакциялар | Сыртқы ортадан энергия сіңіре жүретін реакция |
АТФ | Аденозин трифосфат, тірі организмдердегі біріншілік энергия тасымалдаушы |
Метаболизм
Метаболизм бір арнаға біріккен реакциялар жиынтығы. Бұл организмдегі молекулалар түзілуі мен ыдырауы арасындағы тепе-теңдік.
Метаболиз типі | Процесс | Энергетика | Мысал |
---|---|---|---|
Анаболизм | Жай молекулалардан күрделі молекулар түзілуі | Эндергоникалық | Денедегі жаңа ұлпалардың пайда болуы |
Катаболизм | Күрделі молекулалардың жай молекулаларға ыдырауы | Экзергоникалық | Астың қорытылуы |
Мысалдар
Катаболизм: Жасушалық тыныс алу
Жасушалық тыныс алу - глюкозаның жасушаға қажетті энергия бөле ыдарайтын, катаболизмдік процессі.
Жасушадағы тыныс алу реакциясы:
start text, C, end text, start subscript, 6, end subscript, start text, H, end text, start subscript, 12, end subscript, start text, O, end text, start subscript, 6, end subscript + 6, start text, O, end text, start subscript, 2, end subscript → 6, start text, C, O, end text, start subscript, 2, end subscript + 6, start text, H, end text, start subscript, 2, end subscript, start text, O, end text + start text, э, н, е, р, г, и, я, end text
Барлық катаболизмдік процесстердегідей, жасушалық тыныс алу кезінде басқа жасушаларда пайдаланылатын энергия бөлінеді.
Анаболизм: Фотосинтез
Фотосинтез - катаболизмдік поцесс. Бұл процесс кезінде өсімдікте күн сәулесі әсерінен көмірқышқыл газы мен су молекулаларынан қант молекуласы түзіледі.
Фотосинтез реакциясы:
6, start text, C, O, end text, start subscript, 2, end subscript + 6, start text, H, end text, start subscript, 2, end subscript, start text, O, end text + start text, э, н, е, р, г, и, я, end text → start text, C, end text, start subscript, 6, end subscript, start text, H, end text, start subscript, 12, end subscript, start text, O, end text, start subscript, 6, end subscript + 6, start text, O, end text, start subscript, 2, end subscript
Фотосинтез барлық анаболизмдік процесстер секілді, глюкозаның түзілуіне қарай энергияны тұтынады. Глюкозаның біршама бөлігін өсімдік өзі тұтынады н/е басқа тірі организмдер үшін қорек болады.
Жалпы қателіктер мен қате түсініктер
- Көптеген метаболизмдік реакциялар бір уақытта жүреді.Сіздің денеңізде бір уақытта мыңдаған метаболизмдік реакциялар жүреді. Ориганизм дұрыс жұмыс істеуі үшін, олар бір-бірмен сәйкестендіріліп мұқият реттеледі.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.