If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Жасушалық тыныс алуға шолу

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
Жасушалық тыныс алуАғзалар глюкозаны жасушалар энергия ретінде қолдана алатын формаға дейін ыдырататын процесс
АТФАденозин трифосфат, тірі организмдердегі негізгі энергия көзі
МитохондрияЖасушалық тыныс алу жүретін эукариоттық жасушаның құрылымы
ЦитоплазмаПлазмалық мембрана мен ядролық мембрана арасындағы жасушаның құрам бөлігі; органеллалар арасындағы кеңістікті толтыратын желе тәрізді зат - цитозолды қамтиды.
АэробтыОттегін талап ететін процесс
АнаэробтыОттегін қажет етпейтін процесс
ФерментацияГлюкозаны ыдыратудың анаэробты жолы

Жасушалық тыныс алу

Жасушалық тыныс алу аэробты (оттегін қолданатын) немесе анаэробты (оттексіз) жағдайда өтуі мүмкін.
Аэробты жасушалық тыныс алу кезінде глюкоза оттегімен әрекеттесіп, жасуша қолдана алатын энергия тасымалдаушысы АТФ-ті түзеді. Көмірқышқыл газы мен су - соңғы өніммен бірге түзілетін жанама өнімдер болып табылады.
Аэробты жасушалық тыныс алудың жалпы теңдеуі:
Жасушалық тыныс алу кезінде глюкоза мен оттегі әрекеттесіп, АТФ түзуге жауап береді. Су мен көмірқышқыл газы жанама өнімдер ретінде шығарылады.
Аэробты жасушалық тыныс алудың үш кезеңі бар: гликолиз (анаэробты процесс), Кребс циклі, және тотығу арқылы фосфорлану.

Ферментация

Кейбір организмдер энергияны оттегінің қатысуынсыз үздіксіз түрлендіре алады. Олар гликолизден өтеді, кейін АТФ түзу үшін ферментация деп аталатын анаэробты процесс жүргізеді.
  • Оттегі жетіспесе, сүт қышқылы ферментациясы нәтижесінде бұлшықет жасушалары АТФ түзе алады. Алайда, бұл көбінесе бұлшықеттің қажуына және ауырсынуына әкеледі.
  • Көптеген ашытқы саңырауқұлақтары этанол спиртін түзу үшін алкоголь ферментациясын жүзеге асырады. Осы себептен, адамдар ашытқыны көптеген коммерциялық мақсаттарда пайдаланады, соның ішінде кондитерлік өнімдер, сыра және шарап жасау.

Аэробты және анаэробты тыныс алу

АэробтыАнаэробты
РеактивтеріГлюкоза және оттегіГлюкоза
ӨнімдеріАТФ, су, CO2АТФ және сүт қышқылы (жануарларда); немесе АТФ, этанол, және CO2 (ашытқы саңырауқұлағы)
Орын алатын жерЦитоплазма (гликолиз) және митохондрияЦитоплазма
КезеңдеріГликолиз (анаэробты), Кребс циклі, тотығу арқылы фосфорлануГликолиз, ферментация
АТФ түзілуіҮлкен мөлшерде (36 АТФ)Аз мөлшерде (2 АТФ)

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Анаэробты тыныс алу - бұл жасушалық тыныс алудың қалыпты бөлігі. Барлық жасушалық тыныс алудың алғашқы сатысы болып табылатын гликолиз процесі анаэробты және оттегін қажет етпейді. Оттегі болған жағдайда, бұл үдеріс Кребс циклі мен тотығу арқылы фосфорлану процестеріне жалғасады. Алайда, оттегі болмаған кезде кейбір организмдер АТФ өндірісін жалғастыру үшін ферментацияны жүзеге асыруы мүмкін.
  • Өсімдіктерде жасушалық тыныс алу жүреді. Көптеген адамдар өсімдіктер фотосинтез үдерісін, ал жануарлар тыныс алу үдерісін жүзеге асырады деп ойлайды. Шындығында, өсімдіктер екеуін де жасайды! Өсімдіктер алдымен глюкозаны алу үшін фотосинтез процесін жүзеге асырады. Жануарларға фотосинтездің қажеті жоқ, өйткені олар глюкозаны жейтін тамағынан алады.
  • Жасушалық тыныс алу қарапайым «тыныс алу» сияқты емес. Бұл ұғымдарды шатастыру оңай! Адамдар көбінесе «тыныс алу» түсінігін дем алу және дем шығару үдерістеріне қатысты қолданады. Алайда, бұл жасушалық емес, физиологиялық тыныс алу. Екеуі өзара байланысты процесстер, бірақ олар бірдей емес.