If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Бөлім: Энергия және тасымалдау

Бөлім туралы ақпарат

Тасымалдау түрлері және организмдер энергияны түрлендіру және беру үшін фотосинтез және жасушалық тыныс алуды қалай қолданатыны туралы көбірек біліңіз.
Денеңіз арқылы өтіп жатқан энергияны сезе аласыз ба? Жауап жоқ болуы мүмкін (егер сіз аз уақыт бұрын кофеин қосылған нәрсе ішкен болмасаңыз), бірақ бұл шындық: сіздің денеңізде энергия үнемі өзгеріп отырады.
Әрбір секунд сайын, сіздің жасушаларыңыздың ішіндегі ферменттер деп аталатын кішкентай молекулалық машиналар тынымсыз жұмыс жасап, химиялық реакцияларды катализдеп және бағыттап, сіздің тіршілік етуіңізге мүмкіндік беріп отыр. Ферменттердің реакцияларды тездетуі жайлы жайлы оқыңыз.
Кейде ағынмен жүру пайдалы болып келеді! Молекулалар плазмалық мембрана арқылы концентрация градиенттері бойынша қозғалатын пассивті тасымалдау (энергия шығыны қажет емес) және активті асымалдау туралы үйреніңіз.
Өсімдікті суармаса неге солып қалады деп ойланып көрдіңіз бе? Бұл бөлімнен биологиялық жүйелердегі су мен басқа молекулалар қозғалысының негізін ықтималдықтың қарапайым қағидалары арқылы көбірек үйреніңіз.
Біздің ағзада көміртек көп: ол ДНҚ-да, ақуыздарда, көмірсуларда, майларда және басқа да маңызды биологиялық молекулаларда болады. Бірақ көміртек оларға қалай енеді? Соынмен... Фотосинтез процесінде! Өсімдіктер мен басқа фотосинтетикалық организмдер көмірқышқыл газы мен судан қантты синтездеу үшін жарық энергиясын қалай қолданатынын үйреніңіз. Осылайша, жердің ғаламдық экожүйесін химиялық энергиямен және пайдалануға дайын көміртегімен қамтамасыз ету.
Жасушалар сіз жейтін тағамнан энергияны қалай алады? Белгілі болғандай, жасушаларда дәл осы тапсырмаға арналған талғампаз метаболизм жолдары бар. Жасушалық тыныс алу, ашыту және глюкоза сияқты отын молекулаларынан энергия алатын басқа процестер туралы көбірек біліңіз.
Энергия және тасымалдау тақырыбын қаншалықты түсінгеніңді 9 сұрақ арқылы анықта.
Biology is brought to you with support from the Amgen Foundation