Бұл хабарлама біздің веб-сайтқа сыртқы ресурстарды жүктеу кезінде қиындықтар туындағанын білдіреді.

If you're behind a web filter, please make sure that the domains *.kastatic.org and *.kasandbox.org are unblocked.

Негізгі бет

Бөлім 3: Энергия және тасымалдау

500 possible mastery points

Бөлім туралы ақпарат

Тасымалдау түрлері және организмдер энергияны түрлендіру және беру үшін фотосинтез және жасушалық тыныс алуды қалай қолданатыны туралы көбірек біліңіз.

Денеңіз арқылы өтіп жатқан энергияны сезе аласыз ба? Жауап жоқ болуы мүмкін (егер сіз аз уақыт бұрын кофеин қосылған нәрсе ішкен болмасаңыз), бірақ бұл шындық: сіздің денеңізде энергия үнемі өзгеріп отырады.
Әрбір секунд сайын, сіздің жасушаларыңыздың ішіндегі ферменттер деп аталатын кішкентай молекулалық машиналар тынымсыз жұмыс жасап, химиялық реакцияларды катализдеп және бағыттап, сіздің тіршілік етуіңізге мүмкіндік беріп отыр. Ферменттердің реакцияларды тездетуі жайлы жайлы оқыңыз.
Кейде ағынмен жүру пайдалы болып келеді! Молекулалар плазмалық мембрана арқылы концентрация градиенттері бойынша қозғалатын пассивті тасымалдау (энергия шығыны қажет емес) және активті асымалдау туралы үйреніңіз.
Өсімдікті суармаса неге солып қалады деп ойланып көрдіңіз бе? Бұл бөлімнен биологиялық жүйелердегі су мен басқа молекулалар қозғалысының негізін ықтималдықтың қарапайым қағидалары арқылы көбірек үйреніңіз.

Жаттығуды орында

  • Осмос пен тонусКелесі деңгейге өту үшін 4 сұрақтан кемінде 3 сұраққа дұрыс жауап бер!
Біздің ағзада көміртек көп: ол ДНҚ-да, ақуыздарда, көмірсуларда, майларда және басқа да маңызды биологиялық молекулаларда болады. Бірақ көміртек оларға қалай енеді? Соынмен... Фотосинтез процесінде! Өсімдіктер мен басқа фотосинтетикалық организмдер көмірқышқыл газы мен судан қантты синтездеу үшін жарық энергиясын қалай қолданатынын үйреніңіз. Осылайша, жердің ғаламдық экожүйесін химиялық энергиямен және пайдалануға дайын көміртегімен қамтамасыз ету.

Жаттығуды орында

  • ФотосинтезКелесі деңгейге өту үшін 4 сұрақтан кемінде 3 сұраққа дұрыс жауап бер!
Жасушалар сіз жейтін тағамнан энергияны қалай алады? Белгілі болғандай, жасушаларда дәл осы тапсырмаға арналған талғампаз метаболизм жолдары бар. Жасушалық тыныс алу, ашыту және глюкоза сияқты отын молекулаларынан энергия алатын басқа процестер туралы көбірек біліңіз.

Жаттығуды орында

Келесі ұсынылған жаттығу:

Бөлім бойынша тест

Жоғарыдағы тақырыптар бойынша біліміңді шыңда және 500 Шеберлік ұпайына дейін ұтып ал!
Biology is brought to you with support from the Amgen Foundation