Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 5
Lesson 2: Мендельдік емес тұқым қуалау- Кодоминанттылық және жартылай доминанттылық
- Бірнеше аллельдер, жартылай доминанттылық және кодоминанттылық
- Плейотропия мен летальды аллельдер
- Полигенді тұқым қуалау және қоршаған ортаға әсерлері
- Мендельдік емес тұқым қуалауға шолу
- Мендельдік емес тұқым қуалау
© 2023 Khan AcademyҚолдану шарттарыҚұпиялылық саясатыCookie Notice
Бірнеше аллельдер, жартылай доминанттылық және кодоминанттылық
Шын өмірде, гендер көптеген нұсқаларда (аллельдер) жиі кездеседі. Аллельдер әрқашан бір-біріне толық доминантты немесе рецессивті бола бермейді', бірақ олар кодоминанттылық немесе жартылай доминанттылықты көрсете алады.
Кіріспе
Грегор Мендель зерттеулері қарапайым әрі түсінікті болды. Мендельдің бұршақ өсімдіктері туралы жұмысында әрбір ген екі түрлі нұсқада немесе аллельде болды, және бұл аллельдер айқын доминанттылықты көрсетті (өсімдіктің сыртқы түрін анықтау үшін доминантты аллель рецессивті аллельге толығымен басымдылық көрсетті).
Бүгінде біз барлық аллельдердің Мендель тәжірибелеріндегідей оңай әрекет етпейтіндігін білеміз. Мысалы, шын өмірде:
- Аллель жұптарында әр түрлі доминанттық қатынастар болуы мүмкін (яғни жұптың бір аллелі екіншісін гетерозиготада толық "жасырмауы" мүмкін).
- Популяцияда көбінесе геннің көптеген аллельдері болады.
Бұл жағдайларда ағзаның генотипі немесе аллель жиынтығы оның фенотипін немесе байқалатын ерекшеліктерін анықтайды. Алайда әртүрлі аллельдер бір-бірімен фенотипті анықтау үшін әртүрлі тәсілдермен әрекеттесе алады.
Бұл жағдайда Мендель зерттеген бұршақ гендерінде мұндай күрделі аспектілер байқалмағаны қызық. Егер бұл орын алса, Мендель өзінің тәжірибелерінің нәтижелерін талдай алмай, қазіргі ерекше жағдайларды түсінуге көмектесетін тұқым қуалаушылықтың маңызды принциптерін анықтай алмас еді.
Толық емес доминанттылық
Мендельдің нәтижелері айтарлықтай жаңашыл болды, оның бір себебі ата-аналардың қасиеттері ұрпақтарында тұрақты түрде араласады деген (сол кездегі танымал) идеяға қайшы келді. Алайда кейбір жағдайларда гетерозиготалы организмнің фенотипі оның гомозиготалы ата-аналарының фенотиптерінің қоспасы болуы мүмкін.
Мысалы, арыстан ауыз, Antirrhinum majus, гомозиготалы ақ гүлді өсімдіктен (C, start superscript, W, end superscript, C, start superscript, W, end superscript) және гомозиготалы қызыл гүлді өсімдіктен (C, start superscript, R, end superscript, C, start superscript, R, end superscript) қызғылт гүлді (C, start superscript, R, end superscript, C, start superscript, W, end superscript) ұрпақ шығады. Екі гомозиготалы фенотиптердің аралық гетерозиготалық фенотипін көрсететін байланыстың бұл түрін толық емес доминанттылық деп атайды.
Толық емес доминанттылықжағдайында да будандастыру нәтижелерін болжау үшін біз Мендель моделін қолдана аламыз. Мысалы, қызғылт өсімдіктің өзін-өзі ұрықтандыруы 1 C, start superscript, R, end superscript, C, start superscript, R, end superscript colon 2 C, start superscript, R, end superscript, C, start superscript, W, end superscript colon 1 C, start superscript, W, end superscript, C, start superscript, W, end superscript генотип қатынасын және 1, colon, 2, colon, 1 қызыл:қызғылт:ақ фенотип қатынасын құрайды. Аллельдер толық емес доминанттылық көрсеткен кезде де, тұқым қуалау Мендельдің негізгі ережелері бойынша орын алады.
Кодоминанттылық
Толық емес доминанттылыққа ұқсас кодоминанттылықта да екі аллель бір мезгілде гетерозиготада көрініс табады.
Кодоминанттылықтың мысалын біз адамдардың MN қан топтарынан көре аламыз (АВО қан топтарына қарағанда онша танымал емес, бірақ бәрібір маңызды!). Адамның MN қан тобы оның белгілі бір геннің аллельдерімен анықталады. L, start superscript, M, end superscript аллелі қызыл қан жасушаларының бетінде көрсетілетін M маркерінің болуымен, ал L, start superscript, N, end superscript аллелі сәл өзге N маркерімен анықталады.
Гомозиготалардың (L, start superscript, M, end superscript, L, start superscript, M, end superscript және L, start superscript, N, end superscript, L, start superscript, N, end superscript) қызыл қан жасушаларының бетінде сәйкесінше тек M немесе N маркерлері болады. Алайда, гетерозиготаларда (L, start superscript, M, end superscript, L, start superscript, N, end superscript) жасуша бетінде маркерлердің екі түрі де бірдей мөлшерде кездеседі.
Мендель ережелерін толымсыз доминантты ғана емес, кодоминантты аллельдердің тұқым қуалаушылығын болжау үшін қолдана аламыз. Мысалы, егер L, start superscript, M, end superscript, L, start superscript, N, end superscript генотипі бар екі адам балалы болса, біз балаларынан M, MN және N қан топтары мен L, start superscript, M, end superscript, L, start superscript, M, end superscript, L, start superscript, M, end superscript, L, start superscript, N, end superscript, және L, start superscript, N, end superscript, L, start superscript, N, end superscript генотиптерін 1, colon, 2, colon, 1 қатынасында көреміз деп күткен болар едік (егер олар қатынастарды дәл анықтау үшін бізге жеткілікті бала санын туса!)
Бірнеше аллельдер
Мендельдің жұмысы әр ген үшін тек екі аллель болатындығын болжады. Бірақ қазіргі таңда біз бір геннің тек екі аллелі бола бермейтінін білеміз, тіпті екіден көп аллелі бар гендер жиірек кездеседі! Жеке адамдарда (және барлық диплоидты ағзаларда) белгілі бір ген үшін тек екі аллель болғанымен, популяция деңгейінде көптеген аллельдер болуы мүмкін, сәйкесінше популяциядағы әр түрлі дараларда осы аллельдердің әр түрлі жұптары болуы мүмкін.
Мысал ретінде C гені деп аталатын қояндарда жүн түсін анықтайтын генді қарастырайық. C гені жалпы төрт аллельде болады: C, c, start superscript, c, h, end superscript, c, start superscript, h, end superscript және c:
- C, C қоянының жүні қара немесе қоңыр болады
- c, start superscript, c, h, end superscriptc, start superscript, c, h, end superscript қоянының жүні шиншилла түсті (сұрғылт жүн).
- c, start superscript, h, end superscript, c, start superscript, h, end superscript қоянының гималайлық өрнегі (түрлі-түсті) бар, денесі ақ және құлақтары, беті, аяғы және құйрығы қара түсті
- c, c қояны альбинос, жүні таза ақ.
Бірнеше аллель көптеген мүмкін болатын доминанттылық қатынастарды тудырады. Бұл жағдайда қара C аллелі басқаларға толығымен доминантты болады; Шиншилла c, start superscript, c, h, end superscript аллелі Гималай c, start superscript, h, end superscript және альбинос c аллельдеріне толық емес доминантты; және Гималай c, start superscript, h, end superscript аллелі альбинос c аллеліне толықтай доминантты.
Қоян өсірушілер бұл қатынастарды әр түрлі генотиптегі әр түрлі қояндарды шағылыстырып, гетерозиготалық жинақтардың (бала қояндары) фенотиптерін бақылау арқылы анықтады.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.