Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 5
Lesson 2: Мендельдік емес тұқым қуалау- Кодоминанттылық және жартылай доминанттылық
- Бірнеше аллельдер, жартылай доминанттылық және кодоминанттылық
- Плейотропия мен летальды аллельдер
- Полигенді тұқым қуалау және қоршаған ортаға әсерлері
- Мендельдік емес тұқым қуалауға шолу
- Мендельдік емес тұқым қуалау
© 2023 Khan AcademyҚолдану шарттарыҚұпиялылық саясатыCookie Notice
Мендельдік емес тұқым қуалауға шолу
Негізгі терминдер
Термин | Мағынасы |
---|---|
Толымсыз доминанттылық | Бір аллель екіншісінен толық басым түспейтін тұқым қуалаушылық түрі |
Кодоминанттылық | Гетерозиготада кі аллель де бірдей байқалатын тұқым қуалаушылықтың түрі |
Бірнеше аллельдер | Екіден көп аллельмен басқарылатын ген |
Плейотропия | Бір геннің бірнеше белгілерге әсер етуі |
Летальды аллель | Жеке ағзаның өліміне әкеліп соғатын аллель |
Полигенді қасиет | Бірнеше гендермен басқарылатын белгілер |
Жеке гендерге байланысты вариациялар
Мендель заңдарының кейбір өзгерістері жеке гендерді қамтиды.
- Толымсыз доминанттылық. Екі аллельдің екеуі де болған кезде, Мендель ережелеріндегідей біреуінің фенотипті толықтай көрінудің орнына, екеуінің аралық фенотипі байқалады.Бұған есінек өсімдігі мысал бола алады. Гомозиготалы ақ гүлді өсімдік (C, start superscript, А, end superscript, C, start superscript, А, end superscript) пен гомозиготалы қызыл гүлді өсімдікті (C, start superscript, Қ, end superscript, C, start superscript, Қ, end superscript) шағылыстыру нәтижесінде күлгін гүлді (C, start superscript, Қ, end superscript, C, start superscript, А, end superscript) ұрпақ пайда болады.
- Кодоминанттылық. Мендель ережелеріндегідей біреуінің фенотипті толықтай көрінудің орнына екеуінің де бірдей деңгейде байқалуы.
Тауықтың кейбір түрлерінде қара қауырсындылардың аллелі ақ қауырсындылардың аллелімен кодоминантты болып келеді. Қара тауық пен ақ тауықтың шағылыстыру нәтижесінде қауырсынында ақ та, қара да түстері бар тауық пайда болады.
- Бірнеше аллельдер. Мендель бұршақ гендерінің тек екі аллелін зерттеді, бірақ табиғатта кездесетін популяцияларда берілген геннің бірнеше аллельдері болатын жағдайлар жиі кездеседі.Қояндардың төрт түрлі аллельдері түрінде келетін терісінің түсі ( C ген) бұған мысал бола алады: C, c, start superscript, c, h, end superscript, c, start superscript, h, end superscript және c.
- Плейотропия. Кейбір гендер тек бір емес, бірнеше белгілерге әсер етеді.
Бұған бірнеше белгілерге (әдеттен тыс бой ұзындығы, жіңішке саусақтар мен бақайлар, линзалардың дислокациясы және жүрек аурулары) себеп болатын Марфан синдромы мысал бола алады. Бұл симптомдардың тікелей байланысы көрінбесе де, олардың барлығы жалғыз геннің мутациясынан тарағаны белгілі.
- Летальды аллельдер. Кейбір гендерде гомозигота немесе гетерозигота кезінде тіршілік етуді болдырмайтын аллельдер бар.
Тіршілік етуге зиян келтіретін летальды аллельге тышқанның терісін сарыға бояйтын, өздігінен пайда болатын сары аллель мысал бола алады. Гомозиготалы (А, start superscript, С, end superscript, А, start superscript, С, end superscript) генотипті тышқандар даму кезінде ерте өледі. Бұл нақты аллель доминантты болғанымен, летальды аллельдер доминантты немесе рецессивті бола алады және гомозиготалы я гетерозиготалы шарттарда байқалуы мүмкін.
Полигенді тұқым қуалау және қоршаған орта әсерлері
Бой, терінің түсі, көздің түсі, ауру қаупі сынды көптеген белгілер бірнеше факторлармен реттеледі. Бұл генетикалық, қоршаған орта факторлары немесе екеуі де болуы мүмкін.
- Полигенді тұқым қуалаушылық. Кейбір қасиеттер полигенді, яғни олар бірнеше гендермен басқарылады. Полигенді тұқым қуалаушылықта белгілер айқын категорияларға бөлінудің орнына, көбінде фенотиптік спектрді құрайды.
Бірнеше гендермен басқарылатын адамдардың терісінің пигментациясы осыған мысал бола алады.
- Қоршаған орта әсерлері. Шын өмірдегі белгілердің көпшілігі тек генотиппен емес, сонымен қатар генотиптің фенотипте қалай көрінетініне әсер ететін қоршаған орта факторларымен де анықталады.
Гортензия гүлі осыған мысал бола алады. Генетикалық тұрғыдан бірдей гортензия гүлі топырақтағы рН мөлшеріне байланысты көк түстен күлгін түске дейін өзгеруі мүмкін.
Жалпы қателіктер мен қате түсініктер
- Кейбір адамдар плейотропия мен полигенді тұқым қуалаушылықты шатыстырады. Бұл екеуінің басты айырмашылығы: плейотропияда бір ген бірнеше белгілерге әсер етеді (мысалы Марфан синдромы), ал полигенді тұқым қуалаушылықта бір белгі бірнеше гендермен басқарылады (мысалы тері пигментациясы).
- Кодоминанттылық пен жартылай доминанттылық бірдей емес. Кодоминанттылықта ешқай аллель доминантты емес, яғни екеуі де гетерозиготада бірдей байқалатын болады. Жартылай доминанттылықта аралас гетерозигота (фенотипі қызыл және ақ болған күлгін гүл сияқты) болады.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.