Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 2
Lesson 3: Жасуша мембранасыЖасуша мембранасына шолу
Негізгі терминдер
Термин | Мағынасы |
---|---|
Жасуша мембранасы | Жасушаны және оның ішкі ортасын қоршап тұратын мамандандырылған құрылым; жасушаға / жасушадан заттардың енуі мен шығуын бақылайды |
Гидрофобты | Сумен әрекеттеспейтін молекула (“судан қорқатын“) |
Гидрофильді | Суды тартатын молекула (“суды сүйетін”) |
Амфипатикалық | Гидрофобты әрі гидрофильді ұштары бар молекула |
Фосфолипид | Глицерол, екі май қышқылының құйрықтары және фосфат тобынан тұратын амфипатикалық липид |
Фосфолипидті екі қабат | Құйрықтары ішке қарай бағытталған фосфолипидтердің қос қабатынан тұратын биологиялық мембрана |
Жартылай өткізгіш мембрана | Кейбір белгілі бір заттардың өтуіне ғана мүмкіндік беретін мембрана |
Жасуша мембранасының құрылымы мен қызметі
Жасуша мембранасы жартылай өткізгіш (немесе таңдамалы өткізгіш) болып келеді. Ол фосфолипидті екі қабатпен қоса түрлі липидтер, ақуыздар және көмірсулардар тұрады.
Әр фосфолипид амфипатикалық, екі гидрофобты құйрықтары және гидрофильді басы бар. Гидрофобты құйрықтар бір - біріне ішке қарай, ал гидрофильді бастары сыртқа қарай бағытталған.
Жасуша мембранасының ерекше құрылымы кішкентай заттарға (мысалы, оттегі немесе көмірқышқыл газы) оңай өтуге мүмкіндік береді.
Жалпы қателіктер мен қате түсініктер
- Гидрофобты құйрықтар ішке, ал гидрофильді бастар сыртқа қарай бағытталады. Егер сіз осы екі ұғымды шатастырсаңыз, "фобия" сөзі "қорқыныш" дегенді білдіретіні туралы ойланыңыз. Гидрофобты құйрықтар судан қорқады, сондықтан олар әрқашан жасушадағы және оның сыртындағы сулы ерітінділерден мүмкіндігінше алыс болуға тырысады.
- Фосфолипидті қос қабат жасуша мембранасының құрамында бар болғанымен, бұл терминдер бір-бірін алмастырмайды. Жасуша мембранасының бір бөлігі - фосфолипидті екі қабат. Алайда, жасуша мембранасы мембраналық ақуыздар мен көмірсулар сияқты басқа да макромолекулаларды қамтиды. Сондықтан жасуша мембранасы фосфолипидті қос қабаттан тұрады, бірақ одан ғана еместігін есте сақтаған жөн.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.