If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Прокариоттар мен эукариоттарға шолу

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
Эндосимбиотикалық теорияТеория эукариоттық жасушалардың прокариоттық жасушалар арасындағы симбиотикалық қатынастардан қалыптасатынын ұсынады.

Эукариоттық және прокариоттық жасушалар немен ерекшеленеді?

ПрокариоттарЭукариоттар
Генетикалық ақпаратДНҚ дөңгелек пішінді, әдетте цитоплазмада еркін жүзедіДНҚ сызықты, ядрода орналасқан
ОрганоидтерЯдро немесе мембранамен байланысқан органоидтердің болмауыЯдросы мен мембранамен байланысқан органеллалары бар (яғни: митохондрия, хлоропласттар, Гольджи жиынтығы, ЭПТ)
ӨлшеміҰсақ (1-5 мкм)Үлкен (10-100 микрометр)
ОрганизмдерБактерия/ археяЖануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар,қарапайымдылар
Жасуша құрылымыӘрқашан бір жасушалыБір жасушалы немесе көп жасушалы бола алады

Эндосимбиотикалық теория дегеніміз не?

Эукариоттардың қалай күрделі болғанын түсіндіретін теориялардың бірі-эндосимбиотикалық теория.
Бұл теория митохондрия және хлоропласттар сияқты органоидтар бір кездері үлкен жасуша иесінің ішінде өмір сүре бастаған прокариоттық жасушалар болған деп болжайды. Ұзақ уақыт бойы прокариоттар мен олардың иелері бір-бірінсіз жұмыс істей алмайынша бірге дамыды.

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Эукариоттар бір жасушалы бола алады. Көптеген адамдар барлық эукариоттар көп жасушалы деп ойлайды, алайда олай емес. Прокариоттар әрқашан бір жасушалы организмдер болса, эукариоттар бір жасушалы да, көп жасушалы да бола алады. Мысалы, қарапайымдылардың көпшілігі бір жасушалы эукариоттар!
  • Прокариоттарда ядро болмаса да, олардың құрамында генетикалық ақпарат бар. Прокариоттарда әдетте генетикалық ақпаратты сақтайтын жалғыз дөңгелек хромосомалар болады.