Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 2
Lesson 6: Өсімдік жасушалары vs жануар жасушаларыӨсімдік vs жануар жасушаларына шолу
Өсімдік және жануар жасушалары қалай ерекшеленеді?
Өсімдіктердің де, жануарлардың жасушалары эукариотты, яғни құрамында ядро мен митохондрия секілді мембраналы органоидтар бар.
Алайда өсімдік жасушалары мен жануарлар жасушалары бір-біріне ұқсамайды немесе бірдей органеллаларға ие емес, себебі олардың әрқайсысының қажеттіліктері әр түрлі. Мысалы, өсімдік жасушаларында фотосинтез процессіне қажетті хлоропласттар болады, ал жануар жасушаларында олар жоқ.
Қарапайым жануар жасушасының диаграммасы:
Қарапайым өсімдік жасушасының диаграммасы:
- Жануар жасушаларында да, өсімдік жасушаларында да митохондриялар бар, бірақ хлоропласттар тек өсімдіктер жасушаларында ғана болады. Өсімдіктер көмірсуларды тамақтану арқылы алмайды, сондықтан көмірсуларды күн сәулесі арқылы ситездеу керек. Бұл процесс (фотосинтез) хлоропластта жүреді. Көмірсулар жасалғаннан кейін оны митохондрия бөлшектейді де, жасушаға қуат береді. Жануарлар көмірсуларды тамақтану арқылы қабылдағандықтан, оларға хлоропласттар қажет емес: жай митохондриялар жеткілікті.
- Өсімдіктердің де, жануарлардың да жасушаларында вакуоль бар. Өсімдік жасушасында жасушаның пішінін сақтау үшін және қор ретінде қолданылатын үлкен, дара вакуоль бар. Ал жануар жасушаларында керісінше, вакуольдер көп және ұсақ болады.
- Өсімдік жасушаларында жасуша қабырғасы, сонымен қатар жасуша қабығы болады. Өсімдіктерде жасуша қабырғасы жасуша мембранасын қоршайды. Бұл өсімдік жасушасына ерекше тікбұрышты пішін береді. Ал жануарлар жасушаларында жай ғана жасуша қабығы болады, бірақ жасуша қабырғасы болмайды.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.