If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Жасушаларға кіріспе

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
ЖасушаЕң кіші тіршілік иесі
Жасуша теориясыЖасуша мен барлық тіршілік организмдері арасындағы байланыс түсіндірмесі
МикроскопӨте ұсақ заттарды көзге көрінерліктей үлкейтетін құрал
Қарапайым жарық микроскопыКөрінетін жарық пен бір линза арқылы үлкейтетін микроскопқа арналған құрал
Күрделі жарық микроскопыКөрінетін жарық пен бірнеше линза арқылы үлкейтетін микроскопқа арналған құрал
Электронды микроскопЭлектрондар тобын қолдану арқылы объектіні үлкейтетін микроскоп

Жасушалардың пайда болуы және жасуша теориясы

ЖылдарОқиға
1600 жылдардың басыРоберт Хук алғашқы микроскоп көмегімен өлі жасушаларды анықтады.
1600 жылдардың аяғыАнтон ван Левенгук вирус секілді тірі жасушаларды көруге мүмкіндік беретін жаңа микроскоп ойлап тапты.
1800 жылдардың басыМаттиас Шлейден және Теодор Шванн барлық тірі организмдер жасушадан құралады, және жасушалар басқа жасушалалардан пайда болады деген тұжырым енгізді.
1800 жылдардың ортасыРудольф Вирхов барлық жасушалар бастапқы-тірі жасушалардан пайда болады деген тұжырым енгізді. (Бұл идея Поляк ғалымы Роберт Ремактан ұрланған деген дәлелдер бар.)
Бұл оқиғалар жаңа жасушалық теорияға жол салды, ол теория:
  1. Барлық тірі организмдер бір немесе бірнеше жасушадан тұрады.
  2. Жасуша тіршіліктің басты бөлігі.
  3. Жаңа жасушалар бастапқы жасушалардан пайда болады.

Жасушаларды көру

Жасушаларды көру үшін, ғалымдар үлкейтуге арналған құралдарды микроскопты қолданулары керек.
Қарапайым жарық микроскопы, үлкейткіш лупалар тәрізді, негізінен жасушаларды көруге жеткілікті емес. Сол себепті, ғалымдар күрделі жарық микроскоптарын немесе электронды микроскоптарды жасушаның құрылысын детальді түрде немесе ұсақ вирус секілді объектілерді көру үшін қолданулары қажет.
Күрделі микроскоп
Күрделі микроскоп. Сурет Public domain pictures дереккөзінен алынды, Қоғамдық домен,

Күрделі жарық микроскоптарын және электронды микроскоптарды салыстыру

Жарық микроскопыЭлектронды микроскоп
Көрінетін жарықты пайдаланадыЭлектрондар шоғырын қолданады
Төмен деңгейдегі үлкейтуЖоғары деңгейдегі үлкейту
Жасушалар өлі немесе тірі болуы мүмкінЖасушалар өлі болуы тиіс
Қымбат емес, үлкен емесҚымбат, әрі үлкен

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Барлық жасушалар бірдей емес. Жоғарыда айтылып өткендей жасушалар тіршіліктің басты бөлігі, көпжасушалы организмдер бірнеше әртүрлі жасушалардан құралады. Кейбір жасушалардың организмнің биологиялық функцияларын жүргізетін бір бірімен біріге жұмыс жасайтын арнайы қызметтері болады. Барлық жасушалар бірдей көлемде болмайды. Мысалы, спермалық жасушалар, айталық бұлшық ет жасушаларына қарағанда кішірек болады.
  • Жасушалар ұсақ тіршілік иелері, бірақ ең ұсақ емес. Жасушалар біз микроскоппен көре алатындай кішкентай, бірақ басқа біз қарастырып өткен заттарға қарағанда үлкенірек. Негізінде, жасушалар бірнеше атомдардан құралған, сондықтан олар макромолекула және вирустардан анағүрлым үлкен!
  • Барлық микроскоптар үлкейтуге арналған линзалар емес! Үлкейтуге арналған линзаларды бір ғана линзасы бар қарапайым микроскоптар деп айтса болады. Дегенмен, басқа да кұрделі микроскоптар да бар. Бірнеше линзасы бар микроскоптар күрделі микроскоптар деп аталады, және олар қарапайым микроскоптарға қарағанда нақты үлкейтілген кескін алу үшін жарықты қолданады.