Негізгі бет
Жоғарғы сынып биологиясы
Course: Жоғарғы сынып биологиясы > Unit 2
Lesson 4: Эукариотты жасуша құрылысыЭукариотты жасуша құрылысына шолу
Негізгі терминдер
Термин | Мағынасы |
---|---|
Жасуша | Тірі заттардың негізгі бірлігі |
Органоидтар | Белгілі бір функцияны орындайтын мамандандырылған жасушалық құрылым |
Эукариотқа тән органеллалар
Органелла | Қызметі |
---|---|
Ядро | Генетикалық ақпаратты сақтайды; барлық жасушалық әрекеттерді басқарады |
Эндоплазмалық тор (ретикулум) | Материалды жасуша арқылы өткізетін және ақуыздың модификациясы мен липидтердің синтезінде рөл атқаратын түтіктер мен мембраналар желісі; екі бөліктен тұрады: бұдырлы ЭТ (рибосомалардан тұрады) және тегіс ЭТ (рибосомалардан тұрмайды) |
Гольджи аппараты | Ақуыздарды қаптайтын және сұрыптайтын тегістелген мембраналық дискілер |
Митохондрия | Жасуша үшін қантты энергияға айналдырады |
Хлоропласт | Өсімдік жасушаларына тамақ жасау үшін жарық энергиясын пайдаланады |
Вакуоль | Азық-түлік, су және қалдықтарды сақтау орны; үлкен орталық вакуоль өсімдік жасушаларының пішінін сақтауға көмектеседі |
Лизосома | Ірі молекулаларды ыдыратып, жасушалардың ескі бөліктерін қорытады |
Жалпы қателіктер мен қате түсініктер
- Өсімдік жасушаларында митохондрия да, хлороплас та болады. Кейбір адамдар митохондрияны тек жануарлар жасушасында, ал олардың орнында өсімдік жасушаларында хлоропласттар болады деп санайды. Алайда өсімдіктерге фотосинтез және жасушалық тыныс алу үшін хлоропластар да, митохондриялар да қажет.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.