Бұл хабарлама біздің веб-сайтқа сыртқы ресурстарды жүктеу кезінде қиындықтар туындағанын білдіреді.

If you're behind a web filter, please make sure that the domains *.kastatic.org and *.kasandbox.org are unblocked.

Негізгі бет

Ғылыми әдіс

Гипотезаны тексеру үшін ғылыми әдіс қалай қолданылады?

Кіріспе

Биологиялық зерттеу әдетте бақылаудан басталады: ол биологтың көзіне түскен бір нәрсе. Мысалы, обырды зерттейтін биолог обырдың белгілі бір түрі хемотерапиямен емделмейтінін байқап, оның неге солай екенін зерттеуі мүмкін. Ал су астын зерттейтін ғалым корал рифтарының ағаруын көріп оның себебін анықтауға кірісер еді.
Биологтар бақылаудан кейін не істейді? Сіз табиғатты бақылаудан кейін не істей аласыз? Осы мақалада біз ғылыми әдіске, биологтар және басқа да ғалымдар қолданатын мәселені логикалық шешу тәсіліне шолу жасаймыз.

Ғылыми әдіс

Биология мен басқа ғылымдардың төңірегінде ғылыми әдіс деген мәселелерді шешу тәсілі жатады. Ғылыми әдістің бес қарапайым кезеңі бар, оған тағы бір жанама кезең қосылады:
  1. Бақылаңыз.
  2. Сұрақ қойыңыз.
  3. Гипотеза не тексеріле алатын түсіндірме құрыңыз.
  4. Гипотеза негізінде болжам жасаңыз.
  5. Болжамды тексеріңіз.
  6. Қайталау: нәтижені жаңа болжам немесе гипотеза жасау үшін қолданыңыз.
Ғылыми әдіс бүкіл ғылым салаларында қолданылады: химияда, физикада, геология мен психологияда. Бұл салалардағы ғалымдар әртүрлі сұрақ қойып, әртүрлі сынақ өткізеді. Дегенмен дәлелді әрі логикалық жауап табу үшін бірдей фундаменталды тәсілді қолданады.

Ғылыми әдіс мысалы: Тостер жұмыс істемейді

Ғылыми әдісті күнделікті тұрмыстағы мәселелер шешімін іздеу үшін қолданып жаттығайық.

1. Бақылаңыз.

Сізде екі тілім нан бар делік, оларды тостердің ішіне салыңыз да батырманы басыңыз. Бірақ тостер жұмыс істемейді.

2. Сұрақ қойыңыз.

Неге наным піспеді?

3. Гипотеза ұсыныңыз.

Гипотеза деген сұрақтың қалай да тексеріле алатын мүмкін жауабы. Мысалы, біздің осы жағдайдағы гипотезамыз "тостердің электрикалық резеткісі сынғандықтан ол жұмыс істемеуі" болуы мүмкін.
Бұл гипотеза міндетті түрде дұрыс жауап емес. Мұның орнына, ол оның дұрыстығын тексере алатын мүмкін жауап, ал бұрыс болса бізге жаңа гипотеза керек деген сөз.

4. Болжам жасаңыз.

Болжам деген гипотеза дұрыс болса орын алатын жағдай. Осы жағдайда біз электрикалық резеткі сынық болса, тостерді басқа резеткіге қосқанда ол жұмыс істейді деген болжам жасай аламыз.

5. Болжамды тексеру.

Гипотезаны тексеру үшін біз бақылауымыз керек не болжаммен байланысты тәжірибе жасауымыз керек. Мысалы осы жағдайда біз тостерді басқа резеткіге қосып, оның жұмыс істеуін бақылаймыз.
  • Егер тостер одан кейін жұмыс істесе, ендеше гипотеза дұрыс.
  • Егер тостер одан кейін жұмыс істемесе, ендеше гипотеза бұрыс.
Тәжірибенің нәтижесі гипотезаны қолдауы мүмкін я оған қайшы (оған қарсы) болуы мүмкін. Гипотезаны қолдайтын нәтиже гипотезаның дұрыс екенін дәлелдемейді, бірақ оның дұрыс болу мүмкіндігіне меңзейді. Басқа жағынан қарағанда, егер нәтиже гипотезаға қайшы болса, ол гипотеза бұрыс болуы мүмкін. Тәжірибеде қате болмаса (бұл мүмкіндікті ылғи есімізде сақтауымыз керек), қарама-қайшы келетін нәтиже гипотезаның бұрыс екенін меңзеп, біз басқа гипотезаны қарастыруға көше аламыз.

6. Қайталау.

Ғылыми әдістің соңғы қадамы - нәтижелерді тағы бір рет шолып өту және оларды келесі қадамдарды қорыту үшін қолдану.
  • Егер нәтиже гипотезаны қолдаса, біз көз жеткізу үшін қосымша тәжірибе өткізе аламыз немесе тәжірибе нақтырақ болу үшін оны қайта өткізе аламыз. Мысалы, резеткі неге сынық екенін анықтай аламыз.
  • Егер нәтиже гипотезаны қолдамаса, біз жаңа гипотезаны ұсынар едік. Мысалы, келесі гипотезамыз "тостердің сымы сынық" деген болуы мүмкін.
Көптеген жағдайда ғылыми әдіс қайталанатын процесс. Басқа сөзбен айтқанда, сызықты процесске қарағанда ол циклға ұқсас. Бір раундтың нәтижесі келесі раундтағы сұрақтарды жақсартатын кері байланысқа айналады.