If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Биологияны оқуға дайындық

Биология физика, химия, математика және статистикаға негізделген.

Биология курсын бастамас бұрын нені білу қажет?

Егер сіз биологияға қызығушылық танытсаңыз немесе болашағыңызды биологиямен байланыстырғыңыз келсе, онда сізде биологияның негізгі қандай «алғышарттары» бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Олай болса, болашағыңыз үшін дәл қазір бастаңыз!
Менің ойымша, биология курсын бастауға ең қажетті бастамалар бұл - қызуғышылық, жан-жақты болу және табиғат әлемі туралы сыни тұрғыдан ойлай білу. Егер бұл қасиеттер сіздің бойыңызда болса және оқу барысында химия, физика, статистика және математика пәндерінен де біліміңізді пайдалануға дайын болсаңыз, сіз биологияны бастауға толықтай дайынсыз.
Егер сіз басқада салалардағы тақырыптармен, әсіресе химия салаларымен таныс болсаңыз, биология әлеміндегі қызығушылығыңыз тіптен жеңіл әрі қызықтырақ бола түседі. Төменде Хан Академиясының биологиялық материалдарынан (және кез-келген биология курстарынан) барынша пайдалы білім алуға көмектесетін негізгі тақырыптар тізімі берілген.

Жалпы ғылыми дағдылар

  • Ғылыми тәсіл. Гипотезаның не екендігі және ол қалай тексерілетіндігі жайлы сұрағыңыз бар ма? Тәжірибелер туралы білесіз бе? Осы секілді негізгі ұғымдар сізге тек биологияда ғана емес, басқа да ғылым салаларында көмектеседі.

Химия

  • Химияға кіріспе. Химия туралы жалпы түсінік және оның математика және биология сияқты басқа ғылымдар үшін маңыздылығы.
  • Жалпы химия. Атомдар, молекулалар, және олардың бір-бірімен қалай байланысатыны туралы түсінік алыңыз. Шындап келгенде, бұл сіздің (және барлық әлемнің) неден құралғаныңыз емес пе?
  • Қышқыл-негіздік химия. Сіздің организіміңіздегі химияның көп бөлігі сулы ерітінділерде болатын қышқыл-негіздік химия болып табылады. Қышқылдар мен негіздердің не екенін білу сізге биохимияда үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Физика

  • Термодинамика заңдары. Энергия, энергияның қалай берілетіндігі жайлы түсінік қалыптастырыңыз. Экожүйелер, организмдер мен жасушалар ылғи да өз жұмыстарын атқару үшін оларда энергияның болуы міндетті.

Статистика

  • Ықтималдық негіздері. Ықтималдық - биологиядағы негізгі түсініктердің бірі. Сізге миллиондаған бөлшектерді немесе формулаларды білудің қажеті жоқ, тек қана негізгі ұғымдармен таныс болсаңыз, бұл сізге генетика мен популяция генетикасы тақырыптарында көп көмегін тигізетін болады.
  • Статистика. Мәліметтер жиынтығын сипаттаудың негізгі әдістерін еске түсіріп көрейік. Арифметикалық орта, медиана және мода ұғымдарымен таныссыз ба? Егерд сіз тағыда тереңірек үңіліп, гипотезаны тексеру ұғымымен танысып шықсаңыз, бұл курста керемет нәтижеге жететініңіз анық!

Математика

  • Алгебра негіздері және графиктер. Биология курсында математика тақырыптары аса көп емес, алайда алгебраданың негізгі ұғымдары мен графиктер тақырыптарын (мысалы, градиент ұғымы) білсеңіз, биологиядағы сандар және деректермен оп-оңай жұмыс жасайтын боласыз.

Бұның барлығын дәл қазір білу міндетті ме?

Міндетті емес. Мен айтып өткендей, сіз уақыт өте келе үйрене аласыз. Сізге биологияны оқумен қатар осы тақырыптарда жұмыс істеуге дайын болуыңыз керек. Сонымен, егер сіз осы тақырыптардың барлығымен әліде таныспаған болсаңыз, қорқудың еш қажеті жоқ.

Маған [химия/физика/статистика/математика] ұнамаса ше...

Бұл тақырыптардың кейбіреуі сіздің сүйікті сабағыңыз болмауы мүмкін (әзірге!), дегенмен биологияны оқудан тартынбаңыз. Биология - өте ауқымды, жан-жақты сала. Барлық биологтар химия, физика, математика және статистиканың негіздерін білуі қажет. Бірақ, осы салалардың барлығын егжей-тегжейлі оқып, әрқайсысының маманы болу шарт емес.
Оған қоса, егер де бұрынырақ та оқуды бастап, алайда ол кезде оқуыңыз сәтті шықпаса, Хан Академиясына мүмкіндік беріп көрмедіңіз бе? Бәлкім, сіз ойлағаннан да қызық әрі көңілді болатын шығар!