If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Биологиялық макромолекулаларға шолу

Негізгі терминдер

ТерминМағынасы
Биологиялық макромолекулаКөмірсулар, липидтер, ақуыздар және нуклеин қышқылдары сияқты үлкен органикалық молекула.
МономерҮлкен молекулалар (полимерлер) үшін құрылым бөлігі болып табылатын молекула. Мысалы, амин қышқылы ақуыздар үшін құрылыс блогы ретінде әрекет етеді.
ПолимерҚайталанатын бірліктерден (мономерлерден) тұратын үлкен молекула. Мысалы, көмірсулар- қайталанатын моносахаридтерден тұратын полимер.

Биологиялық макромолекулалардың түрлері

Биологиялық макромолекулаҚұрылым бөліктеріҚызметтеріМысалдар
КөмірсуларМоносахаридттер (қарапайым қанттар)Жасушаларды тез / қысқа мерзімді энергиямен қамтамасыз етеді, тағамдық талшықтардың көзіГлюкоза, сахароза, крахмал, целлюлоза, хитин
ЛипидтерМай қышқылдары және глицеринЖасушаларды ұзақ мерзімді энергиямен қамтамасыз етеді, биологиялық мембраналарды құрайдыМайлар, фосфолипидтер, балауыздар, стероидтар
НәруыздарАмин қышқылдарыЖасуша құрылымын қамтамасыз етеді, химиялық сигналдар жібереді, химиялық реакцияларды жеделдетеді және т.б.Кератин (тырнақтар мен шашта болады), гормондар, ферменттер, антиденелер
Нуклеин қышқылдарыНуклеотидтерГенетикалық ақпаратты сақтайды және жібередіДНҚ, РНҚ

Жалпы қателіктер мен қате түсініктер

  • Макромолекулаларды "үлкен" ретінде сипаттау тек салыстырмалы. Біз оларды "макро" деп атаймыз, өйткені олар басқа, кіші молекулалармен салыстырғанда үлкен. Алайда бұл олардың көзге көрінетіндей үлкен екендігін білдірмейді. Тіпті гемоглобин сияқты үлкен ақуыз күріш дәнінен миллион есе кіші!
  • Майлар мен көмірсулардың бәрі бірдей "жаман" емес. Әр түрлі диеталар туралы ақпарат шатастыруы мүмкін және біреуді барлық майлар немесе барлық көмірсулар денсаулыққа зиянды деп сендіруі мүмкін. Бұл ондай жағдай емес. Майлар мен көмірсулар жасушалардың жұмыс істеуі үшін өте маңызды!