Негізгі бет
Биология
Course: Биология > Unit 9
Lesson 3: Прокариоттар және эукариоттарПрокариоттар мен эукариоттарға шолу
Негізгі терминдер
Термин | Мағынасы |
---|---|
Эндосимбиотикалық теория | Теория эукариоттық жасушалардың прокариоттық жасушалар арасындағы симбиотикалық қатынастардан қалыптасатынын ұсынады. |
Эукариоттық және прокариоттық жасушалар немен ерекшеленеді?
Прокариоттар | Эукариоттар | ||
---|---|---|---|
Генетикалық ақпарат | ДНҚ дөңгелек пішінді, әдетте цитоплазмада еркін жүзеді | ДНҚ сызықты, ядрода орналасқан | |
Органоидтер | Ядро немесе мембранамен байланысқан органоидтердің болмауы | Ядросы мен мембранамен байланысқан органеллалары бар (яғни: митохондрия, хлоропласттар, Гольджи жиынтығы, ЭПТ) | |
Өлшемі | Ұсақ (1-5 мкм) | Үлкен (10-100 микрометр) | |
Организмдер | Бактерия/ архея | Жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар,қарапайымдылар | |
Жасуша құрылымы | Әрқашан бір жасушалы | Бір жасушалы немесе көп жасушалы бола алады |
Эндосимбиотикалық теория дегеніміз не?
Эукариоттардың қалай күрделі болғанын түсіндіретін теориялардың бірі-эндосимбиотикалық теория.
Бұл теория митохондрия және хлоропласттар сияқты органоидтар бір кездері үлкен жасуша иесінің ішінде өмір сүре бастаған прокариоттық жасушалар болған деп болжайды. Ұзақ уақыт бойы прокариоттар мен олардың иелері бір-бірінсіз жұмыс істей алмайынша бірге дамыды.
Жалпы қателіктер мен қате түсініктер
- Эукариоттар бір жасушалы бола алады. Көптеген адамдар барлық эукариоттар көп жасушалы деп ойлайды, алайда олай емес. Прокариоттар әрқашан бір жасушалы организмдер болса, эукариоттар бір жасушалы да, көп жасушалы да бола алады. Мысалы, қарапайымдылардың көпшілігі бір жасушалы эукариоттар!
- Прокариоттарда ядро болмаса да, олардың құрамында генетикалық ақпарат бар. Прокариоттарда әдетте генетикалық ақпаратты сақтайтын жалғыз дөңгелек хромосомалар болады.
Талқылауға қосылғыңыз келе ме?
Әзірге посттар жоқ.