If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

АҚШ монеталарына шолу

АҚШ тиындарының түрлерін қайтала және біліміңді тексер.

АҚШ монеталары

АҚШ-та ең көп қолданылатын монеталар квотер, дайм, никель, және пенни.

Квотер

1 квотер құны 25 центке тең. Төменде квотердің алдыңғы және артқы жағының суреті көрсетілген.

Дайм

1 дайм құны 10 центке тең. Төменде даймның алдыңғы және артқы жағының суреті көрсетілген.

Никель

1 никель құны 5 центке тең. Төменде никельдің алдыңғы және артқы жағының суреті көрсетілген.

Пенни

1 пенни құны 1 центке тең. Төменде пеннидің алдыңғы және артқы жағының суреті көрсетілген.
АҚШ монеталары туралы көбірек білгіңіз келеді ме? Осы видеоны қараңыз.

Монеталарды санау

Мысалды қарастырайық:
Төмендегі тиындардың жалпы құны қаншаға тең?
1 квотер 25 центке тең.
25 цент
1 дайм 10 центке тең, және мұнда 2 дайм бар. 25 центке 10-ті екі рет қосып шық:
25,35,45 цент
1 никель 5 центке тең, және мұнда 2 никель бар. 45 центке 5-ті екі рет қосып шық:
45,50,55 цент
1 пенни 1 центке тең, және мұнда 4 пенни бар. 55 центке 1-ті төрт рет қосып шық
55,56,57,58,59
Монеталардың жалпы құны 59 центке тең.

Жаттығу

1-есеп
Төмендегі тиындардың жалпы құны қаншаға тең?
  • Сенің жауабың келесідей болуы керек:
  • бүтін сан, мысалы 6
  • нақты ондық бөлшек, мысалы 0.75
  • дұрыс бөлшек, мысалы 3/5
  • бұрыс бөлшек, мысалы 7/4
  • аралас сан, мысалы 1 3/4
цент

Осы секілді басқа тапсырмаларды көргіңіз келеді ме? Осы видеоны қараңыз.