If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Бөлім туралы ақпарат

Біз Дартмут колледжінің профессорлары Том Кормен мен Девин Балккоммен информатика алгоритмдеріне кіріспе, соның ішінде іздеу, сұрыптау, рекурсия және граф теориясын үйрету үшін серіктестік жасадық. Мақалалар, визуализация, викториналар мен бағдарламалау тапсырмаларының жиынтығы арқылы үйреніңіз.

Алгоритм дегеніміз не және сізге ол не үшін керек? Біз алгоритмдерге шолып қараудан бастаймыз, содан кейін санды анықтау ойыны мен бағытты табу ойынында алгоритмді қолдана отырып қалай тиімдірек шешуге болатын талқылайтын боламыз.
Екілік іздеу, яғни іздеу кеңістігін екі есе азайту арқылы элементтер массивін тиімді іздеу әдісі туралы үйреніңіз.
Алгоритмнің тиімділігін сипаттау үшін асимптотикалық талдауды және тиімділікті дәлірек сипаттау үшін асимптотикалық белгілерді(Үлкен O, Yлкен-Тета және Үлкен-Омега) қалай қолдануға болатанын біліңіз.
Мәндер жиынын сұрыптаудың қарапайым алгоритмі - таңдау арқылы сұрыптау туралы біліңіз және неге бұл ең тиімді алгоритм емес екенін біліңіз.
Мәндер жиынын сұрыптаудың басқа қарапайым, бірақ өте тиімді емес әдісі - енгізу арқылы сұрыптау туралы біліңіз.
Алгоритмдерде жиі қолданылатын әдіс - рекурсия ұғымын біліңіз. Рекурсияны санның факториалы мен дәрежесін есептеу үшін, сонымен қатар өнерді жасау үшін қалай қолдануға болатынын қараңыз.
Біреу айтқандай, ғибадатхана монархтарына тап болған классикалық математикалық басқатырғыш - Ханой мұнараларын шешу үшін рекурсивті техниканы қолданыңыз.
Ішкі массивтерді бірнеше рет сұрыптау және біріктіру үшін рекурсия мүмкіндіктеріне сүйенетін неғұрлым тиімді сұрыптау алгоритмі - біріктіру арқылы сұрыптау туралы біліңіз.
Графтарды олардың қабырғаларымен, төбелерімен және салмақтарымен сипаттауды үйреніңіз, сонымен қатар граф деректерінің қабырғалар тізімдерінің, іргелестік матрицалар мен іргелестік тізімдердің көмегімен сақтаудың әр түрлі әдістерін қараңыз.
Белгілі бір шыңды табу үшін немесе барлық жолды бір рет өтіп барлық шыңдарда болғаныңызға көз жеткізу үшін ені бойынша іздеу арқылы граф бойынша қалай жылжуды үйреніңіз.
Алгоритм бойынша оқу сапарын қалай жалғастыруға болатындығы туралы идеялар.