If you're seeing this message, it means we're having trouble loading external resources on our website.

Егер веб фильтрлерін қолдансаң, *.kastatic.org мен *.kasandbox.org домендері бұғатталмағанын тексер.

Негізгі бет

Сұрыптау

Элементтер тізімін өсу немесе кему ретімен сұрыптау адамға немесе компьютерге осы тізімдегі элементтерді тез табуға көмектеседі, мүмкін, екілік іздеу алгаритімі секілді. JavaScript-те кірістірілген сұрыптау әдісі бар. Ол сандар массивтерімен немесе тіпті жолдар массивтерімен жұмыс істейді:
var zhanuarlar= ["gnu", "zebra", "shopkorekti", "tutiktis", "qodas", "kesirtke"];
animals.sort();
println(zhanuarlar);
JavaScript-те сұрыптау әдісі бар болса да, сұрыптау мәселе шешудің көптеген жолдары болуы мүмкін екендігінің керемет мысалы, кейбіреулері басқаларына қарағанда жақсы. Сұрыптауды түсіну-алгоритмдер мен информатиканы игерудің дәстүрлі алғашқы қадамы.
Сәл уақыттан кейін сіз белгілі бір сұрыптау алгоритмін жүзеге асырасыз. Бірақ қызырыну ретінде, міне, сіз ойнайтын сұрыптау мәселесі. Сіз кез-келген жұп картаның орынын бір картаны басып ауыстыра аласыз, содан кейін екіншісін басу арқылы өзгерте аласыз. Сол жақ ең кіші болып сұрыпталғанша карталарды ауыстырыңыз.
Карталарды сұрыптау үшін қандай стратегияны қолдандыңыз? Сұрыптау барысында сіздің стратегияңыз өзгерді ме?
Бұл мазмұн ынтымақтастықтың нәтижесі Дартмут компьютерлік ғылымы профессорлар [Томас Кормен](http://www.cs.dartmouth.edu / ~thc/) және [Дэвин Бэлком](http://www.cs.dartmouth.edu / ~devin/), сонымен қатар Хан академиясының компьютерлік оқу бағдарламасы бойынша тобы. Мазмұн лицензияланған CC-BY-NC-SA.