Ықпал
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, Хан Академиясындағы дербес оқыту оқушылардың тақырыпты түсіну нәтижелеріне оң әсер етеді.
Орташадан жоғары оқу нәтижелері.
Хан Академиясын пайдаланатын оқушылардың мектеп үлгерімі жалпы нәтижелерден әлдеқайда жоғары.
Оңтүстік Калифорниядағы Лонг-Бич мемлекеттік мектебінің 5348 орта сынып оқушыларына 1 сабақ уақытында Хан Академиясын пайдалануға берілді. Хан Академиясын қолданған оқушылар емтиханда басқаларынан 22 ұпайға көп жинады. Бұл - аудандағы Хан Академиясын пайдаланбайтын мектептерден екі есе жоғары көрсеткіш.
Толығырақ оқуХан Академиясындағы математика мазмұнының 60%-ын және одан көп бөлігін аяқтаған оқушылар NWEA MAP Growth Assessment емтиханының (танымал бағалау емтиханы) математика бөлімінен басқаларынан 1,8 есе жоғары нәтиже көрсетеді.
2013-14 оқу жылында FSG Айдахо штатында Хан Академиясын білім беру үдерісіне енгізу үшін пилоттық жобаны іске қосты. Зерттеуге 173 мұғалім мен 10500 оқушы қатысты.
Толығырақ оқуХан Академиясын пайдалану емтихан нәтижелерінің жоғарылауы, математика пәні бойынша сенімділіктің артуы және қорқынышты жеңуге оң әсер еткені анықталды.
2012-13 оқу жылында SRI International 20 мемлекеттік, жеке және мамандандырылған мектеп; 70 мұғалім мен 2000 оқушының қатысуымен екі жылдық зерттеу жүргізді.
Толығырақ оқу«Маған Хан Академиясының қателіктерді нақты көрсететіні ұнайды. Бұл маған тақырыптағы терминдердің мағыналарын дұрыс түсініп, материалды жақсы игеруіме көмектесті. PSAT/NMSQT тестілерінің нәтижелерінен кейін өзіме сенімсіздік пайда болды, бірақ мұғалімдерім маған Хан Академиясы арқылы жетістікке жете алатынымды айтты. Хан Академиясының көмегінсіз, мен SAT-қа тіптен дайындала алмас едім. Бұл нағыз керемет!»
SAT емтиханына Хан Академиясының SAT Practice бағдарламасымен дайындалатын оқушылар емтихандарда айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетеді.
Ұпайдың 30-баллға өсуі - SAT нәтижесінің 1,5 есе жоғарылауына тең
2017 жылы Хан Академиясы пен College Board (SAT тестін дайындаушы ұйым) шамамен 250,000 оқушылардың PSAT/NMSQT және SAT тестілік мәліметтерін талдады. Нәтижелер көрсеткендей, Хан Академиясының SAT практикасын 6-8 сағат қолданған оқушылар PSAT/NMSQT және SAT тестілеулерінен орташа есеппен 90 балл жоғары нәтиже алса, ал қолданбаған студенттердің нәтижесі тек 60 балға артты.
Толығырақ оқуХан Академиясы - АҚШ мұғалімдері мен оқушыларының ең сенімді және жиі қолданатын онлайн-оқу ресурсы.
«Үй тапсырмаларымды орындауға ата-анам көмектесе алмаған кездері, Хан Академиясының видеоабақтары көмекке келетін. Мен үшін Хан Академиясы отбасым қамтамасыз ете алмайтын дайындаушы мұғалім болды. Жаңа нәрсе үйренгім келген уақыттарда, үнемі Хан Академиясындағы жүздеген видеосабақтардың ішінен қарайтынмын».
Хан Академиясын оқуда қолданатын студенттер оқу процессінде жақсы нәтиже көрсетеді.
Хан Академиясындағы жаттығу уақыты мен дағдыларды шыңдау Accuplacer алгебра тесті мен қорытынды емтихан нәтижелеріне оң әсер етеді.
Жаңа Англия Жоғары Білім Кеңесі АҚШ-тың 5 штатындағы 12 мемлекеттік колледжде Хан Академиясы материалдарын математика сыныптарында пайдалану бойынша екі жылдық зерттеу жасады.
Толығырақ оқуӘлем елдерінің тәжірибесі.
Сальвадордағы мектептердің мектеп бағдарламасына Хан Академиясы материалдарын қосу оқушылардың математика тақырыптарын әлдеқайда тез игеруіне ықпал етті - 0,19 оқу жылына тең өсім.
Берн университеті мен Швейцарияның коммерциялық емес Консьенте қауымдастығының зерттеушілері Хан Академиясының қолданудың әсерін зерттеу үшін жеке мектептердегі оқушылар мен мұғалімдер арасында рандомизацияланған бақылау өткізді. Зерттеуге 3500 адам қатысты.
Толығырақ оқуБақылау тобымен салыстырғанда, Хан Академиясын қолдану оқушылардың математика нәтижелеріне едәуір оң әсер етеді. Хан Академиясын қолданған оқушылар математика нәтижелерін орташа есеппен 10% -ға жақсартты, бұл қолданбаған оқуышылардан екі есе жоғары нәтиже.
MANAUS, тәуелсіз зерттеу орталығы, 2015 жылы Гватемаланың Сакатепек қаласындағы мұғалімдер мен оқушылар қатысумен жүргізілген Хан Академиясы пилоттық жобасының нәтижелерін зерттеді. Зерттеуге 206 мұғалім мен 2356 оқушы қатысты.
Толығырақ оқуМатематика пәнін Хан Академиясымен бірге үйренетін бесінші сынып оқушыларының емтихан нәтижелері 30%-ға өсті.
2015 оқу жылы Леманн Қорының «Мектеп инновациялық бағдарламасы» Бразилиядағы 143 мемлекеттік мектептеріне Хан Академиясын аптасына 1 сағаттық оқу жоспарына енгізуге қолдау көрсетті.
Толығырақ оқуХан Академиясы Шри-Ланка оқушыларына қолдау көрсетеді. Бағдарлама оқушылардың оқу жетістіктерінің айтарлықтай өсуіне әсер етті (0.20 ES).
Тәуелсіз зерттеушілер 2014 жылы Хан Академиясы оқу материалдарын пайдаланған Шри Ланканың 632 тоғызыншы сынып оқушыларына бақылау жүргізді.
Толығырақ оқу